ikcla@mail.ru
+7 727 249 36 16 +7 701 012 66 19
ikcla@mail.ru
+7 727 249 36 16 +7 701 012 66 19
ГлавнаяОқуға түсуАшық есік күні

Ашық есік күні

Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі

Әрбір бейсенбі және сенбі күндері ХҚҚТК барша түлектер мен ата-аналарды колледждің «IKCLC Open Day» ашық есік күніне  қатысуға шақырады. Іс-шара талапкерлердің қызығушылығын ескере отырып, интерактивті форматта өткізіледі және «Аударма ісі» (түрлері бойынша), «Туризм» (сала бойынша) мамандықтары бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылады.

Жас түлектер мен олардың ата-аналары колледждің оқытушыларымен, қабылдау комиссиясындағы қызметкерлермен, ХҚҚТК студенттерімен және халықаралық бөлім өкілдерімен оқуға түсу, оқу барысы, тәжірибе алмасу кезеңдері, Қытайдағы тегін оқу және жұмысмен қамту туралы сауалдарына жауап алу мүмкіндігіне ие болады.

Біздің «IKCLC Open Day» шарамызға атсалысып Сіз: турпакет құрамын; қызықты саяхаттар туралы; қытай тілін қысқа мерзімде қалай меңгеруге болатынын; ушу деген не екенін; кунг-фу дәрістерін көре отырып, тіпті өзіңізді нағыз жекпе-жек шеберіндей сезіне аласыз.

Сонымен қатар, сіз қытай каллиграфисымен жақын танысу мүмкіндігіне ие бола аласыз: арнайы қылқаламмен кез-келген иероглиф тіркестерін жазуды үйренесіз. Қызықты сайыстар мен сауалнамалардан бөлек сізді естен кетпес концерттік бағдарлама күтеді: ән, би, колледждің «Лейкопластырь» рок-тобының таңғажайып жанды дауысты орындауы.

«IKCLC Open Day» белсенді қатысушыларына естен кетпес көңіл-күйден бөлек, естелік сыйлықтар сыйлайды!

Біз Сіздерді мына мекен-жай бойынша күтеміз: Алматы қаласы, 5 ықшам аудан, үй 45 А, Абай және Ы.Алтынсарин көшелерінің қиылысы.

Ақпарат бойынша байланыс телефондары: 8 (727) 249 36 16; 249 36 13

 

(WhatsApp): 8 701 012 66 19,

                     8 727 249 36 16,                   

                    

 

 

Ikclc@mail.ru

www.ikcla.kz

 

 

 

 

Сұрақ қою
Для нас важно качество, будем рады получить от Вас обратную связь или ответить на вопросы.
Отправить резюме