Тәрбие бөлімі
Қазақ-қытай тіл колледжіндегі тәрбиелік жұмыс «Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасы» және колледж директорың бекітілген тәрбие жоспары негізінде жүзеге асады.
Тәрбие жұмысының мақсаты:
Үздіксіз білім беру жүйесіндегі студенттің адами қасиеттерінің қалыптасуы, құзыреттілігінің дамуы, өзін-өзі жетілдіру және Қазақстан Республикасының азаматы ретінде жеке-дара қаситеттерін шыңдай отырып және кәсіби, инттеллектуалдық, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті Отанының нағыз патриотын тәрбиелеу мүмкіндіктерін жасау.
Тәрбие жұмыстарының міндеттері:
• студент бойындағы азаматтық, патриоттық сезімдерді, азаматтың жеке бас бостандығы мен құқығын, мемлекеттік символдарды, ұлттық әдет-ғұрыпты құрметтеуге тәрбиелеу.
• гуманистік көзқарасты қалыптастыру, өзін-өзі және қоғам алдындағы, өз саласындағы еңбек жемісі үшін болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін арттыру.
• мемлекеттік және шет тілдерін меңгеру арқылы жастар мен балалардың бойындағы әлемдік және ұлттық мәдениетті меңгеруге мүмкіндік жасау, Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың дәстүрі мен мәдениетін қабылдау.
• жастардың бойында тәуелсіздік, көшбасшылық, ұжымдағы шығармашылықты дамытуға мүмкіндік жасау.
• салауатты өмір салтын ұстану, спортты дамыту.
• колледж студенттерінің өзін-өзі басқару орталығы жұмысын және жатақхана, жатақханадағы студенттік комитет қызметін нығайту.
Студенттермен жұмыс жас ерекшеліктеріне қарай жүзеге асырылады:
1 курста қысқаша сұхбаттасулар, «Мен заңды қалай түсінемін?!», «Отаным-алтын бесігім», «Қазақстан-ортақ үйіміз» форматына сәйкес кураторлық сағаттар өткізіледі. Студенттер жоғары курста күрделі іс-шараларға қатысады.
Колледжде жыл сайын Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне орай студенттердің қатысуымен онкүндік шара ұйымдастырылады. Онкүндік аясында үздік шығарма, мәнерлеп оқу сайысы, үздік қабырға газеті, спорттық сайыстар және т.б. шаралар өткізіледі. Қалалық ауқымда және колледжде «Ата салтым-асыл мұрам» тақырыбындағы ұлттық әдет-ғұрыпқа арналған іс-шараларды ұйымдастыру дәстүрге айналған. Сонымен қатар, колледжде үнемі желтоқсан қатысушылары, Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен және Ауған соғысы батырларымен танымдық кездесулер ұйымдастырылып отырады.
Колледжде ұлтаралық ауқымдағы мәдениетті арттыру, ұлтаралық достық қарым-қатынасты нығайту жұмыстары жүргізіледі. Осылайша Наурыз мерекесін, Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың ынтымақ күнін кең ауқымда тойлау дәстүрге айналды.
Колледж студенттеріне арналған ереже
Ереже ҚР Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, халықаралық қазақ –қытай тіл колледжінің педагогикалық кеңесінде қабылданған №____қаулысына сәйкес дайындалды және студенттің міндетін анықтайды, орындау үшін міндетті болып табылады.
1.Жалпы ереже
1.1. Ереже Колледжде студенттер өмірінің ішкі тәртібін анықтайтын негізгі нормативті акт болып табылады;
1.2. Студенттер (Колледжге директор бұйрығымен оқуға түскендер) оқу жоспарларына және білім беру бағдарламаларында қарастырылған, білім алуға қатысты барлық тапсырмаларды бекітілген уақытта орындауға міндетті;
1.3. Оқу тәртібі Колледж әкімшілігінің тарапынан сендіру, тәрбиелеу, сондай-ақ адал еңбегі мен білімі үшін мадақтау әдістері арқылы оқу міндеттерін сапалы орындауды қамтамасыз етеді;
1.4. Ішкі тәртіп Ережелерін қолдануға қатысты мәселелерді Колледж әкімшілігі өзіне берілген құқықтар шегінде, ал Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында немесе Ішкі тәртіп ережелерінде көрсетілген жағдайда – Кураторлар кеңесімен және Студенттік кеңесімен бірігіп шешеді.
1.5. Колледж студенттерінің ішкі тәртіп ережелері және оларға қосылатын барлық өзгерістер мен қосымшалар әкімшілік ұсынысы бойынша Педагогикалық Кеңесте қолданылады және директордың бұйрыққа қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді.
1.6. Студенттер қызметінің Ішкі тәртіп ережелерінің тексті Колледждегі хабарландыру тақтасына ілінеді.
2. Студенттердің негізгі құқықтары
Колледж студенті төмендегі құқықтарға ие:
2.1. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға;
2.2. Білім беру гранты бойынша және келісім шарт негізінде білім алуға;
2.3. Орнатылған көлемде стипендия алуға (мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын тұлғаларға арналған);
2.4. Ғылым, техника және мәдениеттің қазіргі заманға сай даму деңгейіне сәйкес білім алуға;
2.5.Өзінің жетістіктерін, еркін ұжданын, өзінің еркін ойы мен сенімділігін құрметтеттіре білуге;
2.6. Колледж қызметінің маңызды мәселелерін студенттердің кеңесі мен колледж әкімшілігі арқылы талқылап және шешуге қатысуға;
2.7. Колледждегі кітапхана, ақпараттық қорларды, оқу, емдік және басқа да бөлімшелер қызметтерін пайдалануға;
2.8. Барлық мәдени жобалар түрлеріне, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, конференцияларға, симпозиумдарға, мәжілістерге, байқауларға, фестивальдарға қатысуға, көркем өнерпаздар үйірмесіне, спорт секцияларының жұмысына қатысуға және өз жетістіктерін баспада жариялауға;
2.9. Оқытылатын пәндер бойынша оқытушылардан кеңес алуға, оқытудың сапасы мен әдістері туралы ойын жеткізуге, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар білдіруге;
2.10. Сабақ барысындағы ерекше жетістіктері үшін және Колледждегі оқу және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін моральды және материалдық жағынан мадақталуға;
2.11. Колледж оқытушылары ұсынған факультативты курстарды таңдауға;
2.12. Колледждегі студенттік Кеңеске сайлауға және сайлануға;
2.13. Қытай тілінен халықаралық тест тапсыруға;
3. Колледж студенттерінің міндеттері
Студенттердің негізгі міндеттері:
3.1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында бекітілген міндеттерді орындауға;
3.2. Отанын, халқын сүю, өз елінің салт-дәстүрін ардақтау, мәдениетін, мүддесін қорғай білуге;
3.2. Ұлтаралық татулықты сақтауға, оқытушылар мен студенттерді құрметтеуге;
3.3 Колледж Жарғысын, студенттердің ішкі тәртіп ережелерін бұзбауға, педагогикалық Кеңес шешімін, директордың, директор орынбасарларының оқу және тәрбие жұмысына байланысты бұйрықтары мен өкімдерін орындауға,
тәртіпті және ұйымшыл болуға, колледждің оқу аудиторияларында және басқа да жерлерінде тазалық пен тәртіпті сақтауға, жеке басының гигиенасы мен өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, тазалық шараларын атқаруға, сенбіліктер жасауға;
3.4. Колледждегі таңдаған мамандықтары бойынша теориялық білімді және практикалық дағдыларды білуге, тапсырмалар, емтихандар мен сынақтарды бекітілген мерзімде оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына сәйкес тапсыруға (емтихандық сессия);
3.5. Себепсіз сабақ жібермеуге, сабақтан кешікпеуге , қарыздарды уақытылы жоюға;
3.6. Сабақ барысында еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы және өрт қауіпсіздігінің қорғанысы жөніндегі талаптарды ұстануға;
3.7. Колледж мүлкін сақтауға, студенттер пайдаланымына берілген бұйымдарды күтіп ұстауға, энергия, су мен басқа да ресурстарды үнемдеп шығындауға;
3.8. Сабақ барысында оқытушының айтқаны мен оқушылардың жауаптарын тиянақты тыңдауға, сөйлемеуге, басқа заттармен шұғылданбауға, оқытушының барлық тапсырмаларын орындауға, сұрақтарды қою немесе оларға жауап беру кезінде оқытушының рұқсатымен орындарынан тұрып отыруға, аудиториялардан сабақ барысында шығып немесе кіру оқытушының рұқсаты болған жағдайда ғана;
3.9. Колледжде, көшеде, қоғамдық орындарда және үйде ұқыпты болуға, өзін лайықты етіп ұстауға;
3.10. Қоқан-лоққы көрсетіп, құқық бұзып, төбелескені үшін студент Колледждің студенттер қатарынан шығарылуы мүмкін;
3.11. Дене тәрбиесі және алғашқы әскери дайындық сабақтарында арнайы киімдерімен жүру керек;
3.12. Аудиторияларға кірген оқытушылар мен әкімшілік өкілдерін орындарынан тұрып қарсы алуға;
3.13. Ауырып қалған жағдайда және басқа да себепсіз сабақтарға келмеген жағдайда топ кураторына немесе оқу бөліміне хабарласуға. Егер студент сабаққа қатыспағаны жайлы, топ кураторына немесе оқу бөліміне ескертпесе ол себепсіз қалған деп есептеледі. Ауырып қалған жағдайда студент амбулаториялық, емдік мекемелерінің бекітілген формадағы анықтамасын ұсыну керек;
3.14. Әрбір топта үлгерімі жақсы, тәртіпті студенттердің ішінен топ старостасы тағайындалады;
3.15. Топ старостасының міндеттеріне топта тәртіп ұстанымдары, топ студенттерінің арасында оқулықтардың уақытылы алынып және таратылуы, топ кураторына немесе оқу бөліміне қажетті құжаттардың уақытылы тапсырылуы кіреді;
3.16. Топ старостасы тікелей топ жетекшісіне, оқу бөліміне, директордың орынбасарларына, студенттік кеңес өкіліне бағынады және олардың барлық айтылған және жазбаша берілген тапсырмаларын орындайды және оларды өз тобына хабарлайды;
3.17. Студенттердің Колледжге кірулері студенттік билетін көрсету арқылы жүзеге асырылады;
3.18. Ер балалар жалпыға міндетті әскери-дәрігерлік комиссиядан өтуді өз есебінен төлейді;
3.19. Ақылы бөлімде оқитындар оқу қаражатын уақытында төлеуге, төлемеген жағдайда сабаққа жіберілмейді;
3.20.Әкімшіліктің талабы бойынша ата-анасын қажетті болған жағдайда бірден колледжге шақыруға;
3.21.Колледж ұйымдастыратын барлық іс-шараларға белсенді қатысуға міндетті.
4. Колледж ғимаратында төмендегі әрекеттерді жасауға қатаң тыйым салынады
4.1. Құқық бұзушылыққа жататын кез-келген әрекеттерге баруға (Төбелесуге, күш көрсетуге, ұрлық жасауға, қарақшылыққа, балағаттауға, біреудің ар-намысына тиісуге, ақша жинауға, құмар ойындар ойнауға);
4.2. Сабақ кезінде және сабақ арасында қатты сөйлеуге, шулауға, музыка тыңдауға, дөрекі сөйлеуге, сабақ кезінде себепсіз коридорларда жүруге;
4.3. Колледжде, аулада, оқу корпусының кіре берісінде темекі шегуге, түкіруге, ластауға, спирт сусындарын, уландыратын немесе есірткілік мастандыратын құралдарды әкелуге және пайдалануға; Темекі тартқан жағдайда әртүрлі әкімшілік жазалар қолданылады;
4.4. Қару-жарақ, пышақ, атылғыш заттарды, газ балондарын алып келуге, таратуға, жарылысқа немесе өртке әкеліп соғатын барлық құралдармен бұйымдарды пайдалануға;
4.5. Аудиторияға шемішке мен сағыз және құмарлық ойын заттарын (карта т.б.)
әкелуге және пайдалануға;
4.6. Сабақтан және аудиториядан тыс іс-шаралар барысында ұялы телефондар мен құлақшынды (наушник) пайдалануға, басқа да жеке техникаларды пайдалануға және колледждің электр желілерінде зарядтауға; Ұялы телефонды сабақ басталғанға дейін кураторға өткізу міндетті.
4.7. Колледждің локальдық желілерінде және интернет желілерінде зиянды бағдарламалық хабар таратуға;
4.8. Колледж қабырғасы мен парта үстін сызуға, материалдық мүлікті бүлдіруге, бүлдірген жағдайда шығынды өзі төлейді;
4.9. ХҚҚТК студенттеріне болашақ маманның, кәсіпқойдың іскерлік стиліндегі киім кию ұсынылады;
- студенттерінің киімдері ұқыпты, таза және үтіктелген болуы керек.
- оқушының (студенттердің) шаштары немесе шаш үлгілері ұқыпты болуы керек.
- киімдегі іскерлік стиль қатаң ақылды көріністі, дәлдікті білдіреді;
- студенттің киімі жыл мезгіліне, оқу-жаттығу жиынының сипатына сәйкес келуі керек.
4.10. Колледжде діни киімдер киюге, діни атрибуттар пайдалануға, әр түрлі діни ағымдарды насихаттауға;
4.11. Сабақ барысында тамақ және сусын ішуге;
4.12. Өшпенділік, ұлттық және діни жанжалды қоздыруға арналған әрекеттерге баруға, ұлттық абыройды түсіруге;
4.13. Колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз сабақтан өз бетінше кетіп қалуға және колледждің түрлі құралдары мен басқа да бұйымдарын сыртқа шығаруға;
4.14. Кітапханадан берілген кітаптарды бүлдіруге, белгіленген мерзімде қайтармау немесе жоғалту жағдайында айыппұл салынады;
4.15. Аудиторияларда тек қана оқытушы көрсеткен құралдарды пайдалануға, оларды ұқыптап ұстамауға және қауіпсіздік техникасын сақтамауға;
4.16. Колледж басшыларына, ұстаз ер адамдарға қол беріп амандасу міндетті емес;
4.17. Сыбайлас жемқорлыққа оқытушыларды пайдалануға және мәжбүрлеуге;
4.18. Бағалы бұйымдарды (ақша,телефон, киім т.б.) қараусыз қалдыруға болмайды. Ақша және бағалы заттар жоғалған жағдайда колледж жауап бермейді.
5.Студенттік Кеңес
5.1. Студенттік Кеңес өз ісінде ҚР заңнамасына, осы Ережеге және басқа да нормативтік құқықтық актілерге бағынады;
5.2. Студенттік кеңес төрағасы директордың бұйрығымен тағайындалады.
5.3. Студенттік Кеңес студенттердің топ жиналыстарында сайланған тұлғалардан құралады;
5.4. Студенттік Кеңес:
- студенттер, топ старостасының қызметтерін үйлестіреді;
-студенттерді өз беттерінше колледждегі барлық іс-шараларды атқаруға жұмылдырады;
-колледж әкімшілігіне материалдық құндылықтардың сақталуын ұйымдастыруға көмек береді;
-студенттер қызығушылығын арттырады;
-мәдени-бұқаралық жұмыстар өткізуді ұйымдастырады.
5.5. Төмендегі мәселелер тиісті түрде Студенттік Кеңесте келісілу керек:
-студенттерге қолданылатын мадақтау және тәртіп жазасын қолдану шаралары;
-колледждегі сабақтан тыс іс-шаралар жоспары;
5.6.Колледж әкімшілігі Кеңес мүшелерін табысты жұмыстары үшін мадақтауға ұсынған жағдайда.
Колледж қызметкерлерінің және оқытушылардың кәсіби этикасы мен ар намыс кодексі
1. Жалпы ережелер
1. Ар-намыс Кодексі колледж қызметкерлерінің және оқытушылардың қарым қатынасының қағидасын, ережесін және мінез-құлық нормасын қарастырады.
2. Ар-намыс Кодексі колледж құндылықтары, саясат, сапа саласы мақсатында құрастырылған
3. Оқытушы ар-намыс Кодексін сақтай отырып және оның принциптерін жүзеге асыруда колледждің жоғары адамгершіліктің, интеллектуалдық күштің үлгісіне айналуға, оның имиджінің және іскерлік беделінің артуына бар күш-жігерін салуы тиіс.
4. Ар-намыс Кодексінің Ережелері лауазымы мен жұмыс істеу мерзіміне қарамастан барлық оқытушылар үшін бірдей болып саналады.
5. Ар-намыс кодексі мәтіні колледж интернет-ресурсында орналастырылады.
6. Ар-намыс Кодексі колледж әдістемелік кенеспен қарастырылған және шешім қабылданды ____ _______ 20___ жылы, протокол №___.
2. Нормативті нұсқаулар
7. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің осы ар-намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары) (бұдан әрі - Кодекс)
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж;
2. «Мемлекеттік қызмет туралы» 23 қараша 2015 ж. № 414-V ЗРК;
3. Қазақстан Республикасының Заңына «Білім туралы», 27 шілде 2007 года № 319-II
4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», 18 қараша 2015 ж. №410-V ЗРК;
5.Қазақстан Республикасының Заңына және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.
Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады
1) адалдық:
Педагог адалдығы олардың оқыту мен тәрбиелеу нәтижесіне, өз қызметіндегі түзетулерді жүзеге асыра білуіне, сынға және рефлексияға қабілетін дамытуға, оқушылардың, ата-аналардың, әріптестердің кез келген пікірі үшін ашықтығына жауапкершілігін білдіреді;
2) әділдік:
Педагог әділдігі оның бағалау кызметінің ашықтығын, олардың құрған білім беру ортасының айқындылығын білдіреді. Әділдік педагогке окушының, оның ата-анасының (заңды өкілдерінің), әріптестерінің құқығын бұзуға тыйым салады;
3) өзінің абыройын және қадір-қасиетін құрметтеу:
Педагог өзінің кәсіби назарындағы объектілер болып табылатын окушының, ата-ананың, адамдардың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді, олармен қарым-қатынас жасауда өнегелі. Ол баланың дамуын шынымен қалап, оған әрқашан көмектесуге дайын екендігін білдіріп, білім алушының жетістігін (жетіспеушілігін) бағалауда әдептілік танытады.
Білім беру процесін қатысушыларына қатысты күш көрсету, моральдық және психикалық қысым жасау әдістерін қолдануға мүлдем жол бермейді;
4) жалпы адами құндылықтарды құрметтеу:
педагог жалпы адами құндылықтардың басымдылығын мойындай отырып, әрбір ұлт мәдениетін ерекшелігіне, құндылығына және қадір-қасиетіне құрметпен қарайды.
Педагог ұлтаралық қатынастар мәдениетін тәрбиелейді, білім алушыларды жасына, жынысына, тіліне, ұлтына, діни көзқарасына, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына немесе өзге де кез келген жағдайларға қарамастан барлық ұлттар мен барлық адамдардың құқығы мен қадір-қасиетін құрметтеуге үйретеді;
Педагог мектеп ұжымында сенім білдіру және құрметтеу ахуалын жасауға мүмкіндік туғызады;
5) кәсіби ынтымақтастық:
педагог мамандық мәртебесі туралы ойлайды, әріптестерінің абыройын және қадір-қасиетін құрметтейді, мұғалім беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге жол бермейді.
Педагог, қандай да бір дұрыс емес нәрселерді жасауға, өз әріптестерінің сеніміне нұқсан келтіруге, олардың кәсіби міндеттерін атқаруына кедергі жасауға, оларға қандай да бір шығын келтіруге жол бермейді. Педагог өз әріптестерінің теориялық және әдістемелік шеберлік деңгейін арттыруға, шығармашылық қабілетін дамытуға, қиын жағдайға тап болған әріптестеріне көмек беруге жәрдем көрсетеді. Кәсіби ынтымақтастық жалғандық пен әділетсіздікті ақтауға қызмет етпейді;
6) үздіксіз кәсіби даму.
Педагог өзінің кәсіби шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін жетілдіреді.
Педагогикалық әдептің негізгі нормалары
Педагог қызметкер өз қызметінде:
• білім алушылар мен тәрбиеленушілерді ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсетуге, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға, жоғары адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды;
• Қазақстан Республикасы педагог қызметкерінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол бермейді;
• өзінің қызметтік міндетін адал және сапалы орындайды;
• өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіреді, өз бетінше білім алу және өзін-өзі жетілдірумен белсенді түрде айналысады;
• еңбек тәртібін бұлжытпай сақтайды;
• білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарайды және оны жеке мақсатта пайдаланбайды;
• сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды, өзінің шыншыл, адал және әділ мінез-құлқымен үлгі болады;
• қызметтік ақпараттарды пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермейді;
• өзі үлгі бола отырып, ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкіндік жасайды;
• өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгісінде болады.
Білім беру процесіне қатысушылармен қарым-қатынас жасауда педагог қызметкер:
• жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқығын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді;
• білім беру процесіне қатысушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермейді, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттерді болдырмау үшін күш салады;
• өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан дәлелді сындарға жол бермейді, оған сабырлылықпен қарайды, өзінің кәсіби қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін сындарлы сынды пайдаланады;
• білім беру процесінің қатысушыларына кәсіби қолдау көрсетеді.
Әріптестермен қарым-қатынас жасауда педагог қызметкер
• жалпы қабылданған адамгершілік-әдептілік нормаларын, сыпайылық пен биязылықты сақтайды;
• баска педагог қызметкердің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмейді.
Оқытушы ар-намыс Кодексінің қағидаларын іске асыру және бағытын ұстану үшін жауапкершілікті өзіне ала отырып, колледж жоғары адамгершілік, зияткерлік күштің үлгісіне айналуы және оның имиджі мен іскерлік беделін нығайтуға өз үлесін қосуы үшін барлық күш-жігерді жұмсауы тиіс.
Жарғыда және басқа да нормативтік-директивті құжаттарда қарастырылған ар-намыс кодексін, ережелерді бұзғаны үшін тәртіптік және әкімшілік жаза (ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс) колледжден босатуға дейін қолданылады
3.3 Басшы және қызметкер арасындағы қарым-қатынас
3.3.1 Басшы міндетті:
- өзінің кәсіби және жалпы адамгершілік мінез-құлқымен қызметкерлерге үлгі болуға;
- өзінің мінез-құлық нормаларын іскерлік өзара қарым-қатынастың корпоративтік этикасының негізгі ережелеріне негіздеу.
- қызметкерлерді тұлға ретінде құрметтеу, олардың намысына нұқсан келтірмеу;
- қызметкерлері алдында өз қатесін түсіну және оларды сөкпеу;
- ұжымда сыйласымды және іскерлік ахуал қалыптастыруға.
Қызметкер міндетті:
- еңбек тәртібіне бағыну
- жұмыста болмаған себебі туралы басшыға уақтылы ақпарат беру
- колледж басшысының түрін, аты-жөнін білу
-кездескен жағдайда бірінші болып амандасу
- үй-жайларға кіргенде бірінші болып амандасу
Әріптестермен қарым-қатынас:
- бір-біріне сыйластықпен қарау;
- түсінбеушілік болған жағдайда міндетті түрде кешірім сұрау;
- басқа қызметкерлердің көзінше әріптестерді, басшыны сынамау;
- өсектерді таратпау
- жұмыс уақытында тек қана қызметтік міндеттемелерді орындау
- ұстамды болу, дөрекілік көрсетпеу
- әріптестерге көмек беру, білім және тәжірибемен бөлісу
Басты кәсіби міндеті ретінде жұмысқа деген қатынас,
- студенттерге үлгі болу;
- ғылыми-педагогикалық біліктіліктің жоғары деңгейін үнемі қолдап, құзыретті болу
- оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдыларын әділ және шынайы бағалау
- колледждің ғылыми жетістіктерін арттыруға өз күші, білімі және тәжірибесімен бөлісу
- плагиатты қолданбау
- жарияланбаған дереккөздің құпиялығын сақтау.
Мәжіліс пен жиналыстарды өткізу
- жиналыс және мәжіліске уақытында келу;
- күн тәртібімен алдын ала танысып, қажетті материалдарды өзімен бірге ала келу;
- жиналыс және мәжіліс басталар алдында ұялы телефонды өшіру;
- отырыс болып жатқанда кіргенде және шыққанда айғайлап кешірім сұрамау;
- жеке мәселелерді шешу үшін жиналыс мінбесін қолданбау.
Ар-намыс кодексінің нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік
Ар-намыс кодексі барлық қызметкерлер және оқытушылар үшін тең дәрежедегі іс болып табылады.
Оқытушылар және қызметкерлер Ар-намыс кодексін білуі міндетті және өз қызметінде және мінез-құлқында осы нормаларды ұстануға тиісті;
Осы Кодекс ережелерін бұзу колледж оқытушысы және қызметкерлерінің мәртебесіне үйлеспейтін іс ретінде қарастырылады.
Кодекс нормаларын бұзған оқытушылар мен қызметкерлер үшін келесі шаралар қолданады:
- көпшілік алдында кешірім сұрау ұсынысы;
- басшылық кеңесінде тәртіпті талқылау;
- тәртіптік жаза қолдану.
- ауызша ескерту
- жазбаша ескерту
-қатаң сөгіс
- жұмыстан шығару.