Кітапхананың басым бағыттарының бірі ақпараттық қоғамдағы мәліметтерді өз қажеттілігіне тиімді пайдалана алатын еркін шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Кітапхана ақпаратты оқырманға жеткізуші алтын көпір қызметін атқарады.
ХҚҚТК кітапханасы студенттерді оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етіп, толыққанды оқу-әдістемелік және оқу-тәрбиелік үдеріске қажетті мәліметтермен ақпараттандырады. Кітапхана қоры 20 000-нан аса ағылшын және қытай тіліндегі оқулықтар мен оқу құралдарын құрайды. Колледж кітапханасының қоры жыл сайын жаһандану заманына қажетті жаңа әдебиеттермен және студенттердің сұранысына ие электронды оқулықтармен толықтырылып отырады. Оқытылатын барлық пәндерге керекті басылымдарды біздің кітапханамыздан табуыңызға болады. Жыл сайын колледж түрлі тақырыптардағы қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде ондаған данамен кезеңдік басылымдарды шығарады. Жаңа оқулықтарға библиографиялық нұсқау тіркеліп, оқырмандарға ұсынылып отырады.
Колледж кітапханасының негізгі міндеттері:
• кітапхана қорын қалыптастыру;
• ақпараттық-кітапханалық қызмет пен қосымша білім қызметін қамтамасыз ету;
• ақпараттық сауаттылықты және ақпараттық мәдениетті арттыру мақсатында педагогикалық ұжыммен, студенттермен тығыз қарым-қатынас орнату;
• қытай, ағылшын тіліндегі басылымдарды оқуға деген ізденісті, кітапқа деген қызығушылықты ояту мақсатында түрлі форматта насихаттау жұмыстарын жүргізу.
Оқырмандарға үшін абонемент және оқырмандар залы қызмет жасайды. Кітапханада жүйеленген, алфавиттік католог, газет-журналдардың тақырыптық картотекасы, колледж оқытушылары еңбектерінің картотекасы бар. Оқырмандар залы 50 оқырманға есептелген.

Оқу жылын ХҚҚТК, басқа кітапханалар секілді, тамыздың соңында бастайды. Бірінші курс студенттерімен кітапхананы пайданалу ережелерімен таныстыру жұмыстары, жалпы білім пәндері оқулықтары ұсынылады, сонымен қатар, ағылшын, қытай тілінің грамматикасы, практикалық жаттығулар оқулықтары беріледі. Барлық курс студенттеріне иероглифтер оқулықтары мен тыңдалым-бейнежазба қосымшалары ұсынылады.
Кітапхана Қазақстан Республикасындағы ҚХР елшілігімен, ҚХРАлматыдағы Басты елшілігімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Конфуций институты бас штабымен бірлесе отырып қытай тіліндегі интеллектуалдық және мәдени шаралар ұйымдастырылып отырады. ХҚҚТК Қытайдағы шетел қызметтестерімен тығыз байланыс орнату арқылы қытай тіліндегі студентерге қажетті оқулықтармен уақытылы қамтамасыз етіп отырады.
Кітапхана біздің колледжде ақпараттық-білім саласында маңызды орын алады.
Циклдік комиссия және әдістемелік Кеңес отырысында жаңа оқу-әдістемелік әдебиеттер талқыға түседі