СТУДЕНТТІК КЕҢЕС
Студенттік кеңес-колледж студенттерін басқару формаларының бірі. Оның қызметіне оқу үдерісіне студенттердің қатысу үлгерімі, студент өміріне қатысты маңызды сауалдарды шешу жолдары, студенттің әлеуметтік белсенділікке шақыру, әлеуметтік бастамаларды дамыту және қолдау әрекеттері кіреді.
Студенттік кеңестің басты мақсаты-оқу барысында студенттерді шығармашылық және рухани тұрғыда тұлғаның дамуына әсер ету, елжанды, Отанының патриотын тәрбиелеу, халықаралық этикет, топпен жұмыс жасау арқылы қоғаммен байланыс орнату дағдыларын қанаттандыру және топтың көшбасшысы қасиеттерін студенттер бойына дарыту.
Студенттік кеңестің міндеттері:
1. студенттің шығармашылық қабілетін дамыту;
2. мәдени және спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды жүргізу;
3. білім инновацияларына сай студенттің жан-жақты дамуына әсер ету;
4. студенттерді қоғамдық өмірге,адам бос бостандығы, тәртіпке, мәдениетке деген құрметке баулу;
5. студенттердің бойындағы өзін-өзі басқару қасиетін дамыту;
6. студенттерді колледж іс-шараларымен таныстыру.