ikcla@mail.ru
+7 727 249 36 13 +7 727 249 36 50 +7 708 972 48 57

НҚА

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі No 153 бұйрығы.

"Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы No 156 қаулысы.

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 152 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 61-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020 - 2023 жылдарға арналған жол картасы(бұдан әрі - Жол картасы) бекітілсін.

2. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері:

1) Жол картасын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне есепті жылдан кейінгі айдың 10-шы күнінен кешіктірмей Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі есепті жылдан кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі No 130 бұйрығы.

 "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 23-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған 1-4 сыныптарға арналған сынып журналының нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған 5-11 (12 ) сыныптарға арналған сынып журналының нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған мектепалды сыныптарының журналының нысаны;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған факультативтік сабақтардың немесе үйде оқыту журналының нысаны;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспарының нысаны;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспарының немесе қысқа мерзімді жоспарының нысаны;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жиынтық бағалау жүргізу қорытындылары бойынша талдау туралы мәліметтердің нысаны;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес тәлімгер педагогтің жас маманмен жұмыс жоспарының нысаны;

      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес тәрбие жұмысы жоспарының нысаны;

      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған ата-аналар жиналысы хаттамасының нысаны;

      12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған білім алушының жеке іс қағазының нысаны;

      13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған 1-4 сынып білім алушысының үлгерімі туралы табелінің нысаны;

      14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған 5-11 (12) сынып білім алушысының сабақ үлгерімі туралы табелінің нысаны;

      15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-тәрбие жұмысы жоспарының нысаны;

      16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған мектепті дамыту жоспарының нысаны;

      17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес мектепішілік бақылау жоспарының нысаны;

      18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған бұйрықтарды тіркеу кітабының нысаны;

      19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған педагогикалық кеңесі хаттамалары кітабының нысаны;

      20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған педагогтердің жеке құрамын есепке алу кітабының нысаны;

      21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған білім алушыларды жазатын алфавиттік кітабының нысаны;

      22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған кеткен білім алушыларды есепке алу кітабының нысаны;

      23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған келген білім алушыларды есепке алу кітабының нысаны;

      24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспарының нысаны;

      25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған оқу жұмыс жоспарының нысаны;

      26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған педагогтердің оқу жүктемесі (тарифтеу) туралы мәліметтерінің нысаны;

      27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған ғылыми-әдістемелік кеңес хаттамасының нысаны;

      28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған босатылған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналының нысаны;

      29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған білім алушылардың үлгерімі туралы табельдерді есепке алу кітабының нысаны;

      30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған негізгі орта білім беру ұйымын бітіргендігі туралы аттесттатты беру және есепке алу кітабының нысаны;

      31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған жалпы орта білім туралы аттестатты есепке алу және беру кітабының нысаны;

      32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған мақтау грамоталарын және мақтау қағаздарын беруді есепке алу кітабының нысаны;

      33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған оқу жұмыс бағдарламасының нысаны;

      34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспардың нысаны;

      35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогінің сабақ жоспарының нысаны;

      36) осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған теориялық оқытуды есепке алу журналының нысаны;

      37) осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған жеке сабақтарды есепке алу журналының нысаны;

      38) осы бұйрыққа 38-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған өндірістік оқытуды есепке алу журналының нысаны;

      39) осы бұйрыққа 39-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған оқу жылына арналған жұмыс жоспарының нысаны;

      40) осы бұйрыққа 40-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған колледжішілік бақылау жоспарының нысаны;

      41) осы бұйрыққа 41-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған оқу жұмыс жоспарының нысаны;

      42) осы бұйрыққа 42-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік жұмыс жоспарының нысаны;

      43) осы бұйрыққа 43-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогтердің оқу жүктемесі (тарифтеу) туралы мәліметтердің нысаны;

      44) осы бұйрыққа 44-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі білімнің білім бағдарламалары бойынша білім алушының жеке білім беру бағдарламасының нысаны;

      45) осы бұйрыққа 45-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған білім алушының үлгерім кітапшасының нысаны;

      46) осы бұйрыққа 46-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған дипломдар беру кітабының нысаны;

      47) осы бұйрыққа 47-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған дипломдардың телнұсқасын беру кітабының нысаны;

      48) осы бұйрыққа 48-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған академиялық анықтама беру кітабының нысаны;

      49) осы бұйрыққа 49-қосымшаға сәйкес орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған білім алушылардың атаулы кітабының нысаны бекітілсін.

Приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 15 апреля 2020 года № 93.

Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 18-бабының 2-тармағының 2-3) тармақшасына және "Әлеумттік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15997 тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 21 қарашада жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив ісі және құжаттама департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

 

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы No 121 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі No 20 бірлескен бұйрығы.

 

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.22.01. № 24 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.03.03. № 91 бірлескен бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.15.11. № 632 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.15.11. № 71 бірлескен бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес білім беру жүйесіне тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

3) Жалпы орта білім берудің бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

4) ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.15.11. № 632 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.15.11. № 71 бірлескен бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5) ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.15.11. № 632 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2018.15.11. № 71 бірлескен бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі No 136 бұйрығы.

1. "Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысандарында:

      нысан тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Орта білім беру ұйымдарының педагогтерінің жеке құрамын есепке алу кітабы";

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің жеке құрамын есепке алу кітабы нысанында:

      бірінші және екінші бөлік келесі редакцияда жазылсын:

      "Ескерту: Мектептің педагогтерінің жеке құрамын есепке алу кітабы (бұдан әрі - Есепке алу кітабы) барлық орта білім беру ұйымдарда жүргізіледі.

      Жұмысқа кірген педагогтер келесі нөмір тәртібімен жазылады. Бір бетке 10 адамнан артық жазылмайды.".

      2. "Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 661 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5106 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 28 мамырда № 5 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ережесінде:

      4-тармақтың 1) тармақшасына орыс тілінде өзгерту енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      8-тармақтың 1) тармақшасына орыс тілінде өзгерту енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      8-тармақтың 4) тармақшасына орыс тілінде өзгерту енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      8-тармақтың 7) тармақшасына орыс тілінде өзгерту енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      2-қосымшада:

      9-тармақ келесі редацияда жазылсын:

      "9. Шетел азаматтарымен жинақталған топтар, тілдік даярлықты ұйымдастыру, үлгерімі нашарлармен жұмыс, шетелдіктерді оқытумен айналысатын оқытушылардың біліктілігін көтеру жүйесін ұйымдастыру, шетел азаматтарының білім алушылармен және педагог және ғылыми қызметкерлерімен жеке жоспарларды орындау туралы, шетел азаматтарының болашақтағы еңбек қызметінің ерекшеліктерін есепке алатын арнайы курстар, арнайы семинарлар тізімі, шетел азаматтары - білім алушылар үшін педагог және ғылыми қызметкерлермен дайындалған оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулықтар тізімін қоса қарастыру принципімен оқу үдерісін, әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру туралы қысқаша ақпарат.".

      3. "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7613 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 274-278 (27352) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "2) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес, Phd докторы, бейіні бойынша доктор (маман даярлауға жұмыс берушінің тапсырысын ұсынған мемлекеттік қызметшілер, педагогтер және ғылыми қызметкерлер, арасынан) дәрежесін алу үшін оқытуды ұйымдастыруға;";

      2-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "3) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға (конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, педагогтер және ғылыми қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша қатысқан адамдар үшін);";

      Phd докторы, бейіні бойынша (маман даярлауға жұмыс берушінің тапсырысын ұсынған мемлекеттік қызметшілер, ғылыми, педагог қызметкерлер арасынан) доктор дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға арналған үлгілік шарттың тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Phd докторы, бейіні бойынша (маман даярлауға жұмыс берушінің тапсырысын ұсынған мемлекеттік қызметшілер, ғылыми, педагогтер арасынан) доктор дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға арналған ҮЛГІЛІК ШАРТ";

      Магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға арналған (конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша қатысқан адамдар үшін) үлгілік шарттың тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:

      "Магистр дәрежесін алу үшін оқуды ұйымдастыруға арналған (конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, педагогтер, ғылыми қызметкерлер, инженерлік-техникалық қызметкерлер, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясының қызметкерлері санаттары бойынша қатысқан адамдар үшін) үлгілік шарт".

      4. "Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 99 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7547 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2012 жылғы № 8 (тираждың шыққан уақыты 24 шілдедегі 2012 ж.)) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орындаушылардың республикалық конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларында:

      3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "3. Конкурстардың негізгі міндеттері оқушы жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту Қазақстан Республикасында музыкалық білім беруді жетілдіру мен дамыту, орындаушыларды оқытудың жаңа тиімді әдістемелерін іріктеу және енгізу, білім беру ұйымдары педагогтерінің шығармашылық қызметін ынталандыру болып табылады.".

      5. "Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 228 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8565 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2013 жылғы 21 тамыздағы № 256 (27530) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларында:

      9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "9. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының білім беру және тәрбиелеу процесіне қатысушылар балалар, педагогтер және білім алушылардың заңды өкілдері болып табылады.";

      32-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "32. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге, оқытудың жаңаша технологияларын енгізуге және әзірлеуге, педагогтер біліктілігін жетілдіруді қамтамасыз етуге бағытталған оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүзеге асырылады.".

      6. "Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгiлік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8544 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 265 (27539) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар қызметінің үлгілік қағидасында:

      18-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "18. Ақыл - есі кемістігінің күрделі түрі бар білім алушы кейбір пәндерден оқу бағдарламасын игере алмаған жағдайда оны оқыту жеке жоспарға сай жүргізіледі және оның білімі жетістіктері жеке ілгерілуімен бағаланады. Мектеп-интернаттың педагогикалық кеңесі балалардың үлгермеу себептерін зерделеу арқылы деректердің негізінде оларды жеке жоспар бойынша оқытуға көшіру туралы шешім қабылдайды. Педагогтердің әр пән бойынша жеке жоспарлары әр оқу жылына жасақталады және педагогикалық кеңесте бекітіледі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған мектеп-интернаттар қызметінің үлгілік қағидаларында:

      9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "9. Ақыл - ой кемістігінің күрделі түрі бар білім алушы кейбір пәндерден оқу бағдарламасын игере алмаған жағдайда оны оқыту жеке жоспар бойынша жүргізіледі және оның білімі жеке жетістіктеріне сәйкес бағаланады. Балаларды жеке жоспар бойынша оқытуға көшіру мектеп-интернаттың педагогикалық кеңесінің үлгермеу себептерін зерделеу арқылы қабылданған шешімнің негізінде жүзеге асырылады. Педагогтердің әр пән бойынша жеке жоспарлары әр оқу жылына жасалады және педагогикалық кеңесте бекітіледі.";

      19-тармаққа орыс тілінде өзгерту енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      20 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "20. Мектеп-интернаттың басшылары мен педагогтері Заңға сәйкес аттестаттаудан өтуге тиіс.".

      7. "Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 19 шілдедегі № 289 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8621 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2013 жылғы 2 қасанда № 286 (27560) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мамандандырылған мектеп, мамандандырылған лицей, (мамандандырылған мектеп-лицей), мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия) қызметінің үлгілік қағидаларында:

      29-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "29. Мамандандырылған мектептердің педагогтеріне ғылыми дәрежесі үшін мынадай қосымша ақы:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мамандандырылған мектеп-интернат, мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат, мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат, мамандандырылған спорт мектеп-интернаты (олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледж), мамандандырылған хореография мектеп-интернаты (мамандандырылған хореография мектеп-интернат-училищесі), мамандандырылған әскери мектеп-интернаты, "Білім-инновация" лицей-интернаты қызметінің үлгілік қағидаларында:

      33-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "33. Мектеп-интернатының педагогтеріне ғылыми дәрежесі үшін мынадай қосымша ақы:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мамандандырылған мектеп-кешені қызметінің үлгілік қағидаларында:

      "35. Мектеп-кешенінің педагогтеріне ғылыми дәрежесі үшін мынадай қосымша ақы:".

      8. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 369 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8828 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2013 жылғы 4 наурыздағы № 43 (27664) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларында:

      16-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "16. Колледждегі білім алушылар мен педагогтердің құқықтары мен міндеттері білім саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.";

      23-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "23. Колледждердің білім беру процесіне қатысушылар: білім алушылар мен ата-аналар, педагогтер мен кәмелетке толмаған білім алушылардың заңды өкілдері болып табылады.";

      27-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "27. Колледждердің педагогтер лауазымдарын ауыстыру меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.";

      50-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "50. ЖК-ның білім беру процесіне қатысушылар: білім алушылар мен ата-аналар, педагогтер мен кәмелетке толмаған білім алушылардың заңды өкілдері, жұмыс берушілер болып табылады.";

      5253 және 54-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:

      "52. Мемлекеттік ЖК-дағы педагогтер лауазымдарының саны мен тізбесі Үлгілік штаттар негізінде, жеке меншік ЖК Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың құрылтайшылары немесе оған уәкілетті адам айқындайды.

      53. ЖК-ның педагогтеріне білім алушыларды оқытумен және тәрбиелеумен байланысты кәсіптік қызметін жүзеге асыратын тұлғалар жатады.

      54. ЖК-ның педагогтер лауазымдарын ауыстыру меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      77-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "77. Училищелердің білім беру процесіне қатысушылар білім алушылар, ата-аналар, педагогтер және кәмелетке толмаған білім алушылардың заңды өкілдері болып табылады.";

      79 және 80-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:

      "79. Училищелердегі педагогтер саны мен педагогикалық қызметкерлер лауазымдарының тізбесі Үлгілік штаттар негізінде айқындалады.

      80. Училищелердің педагогтер лауазымдарын ауыстыру меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.";

      100-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "100. Орталықтың педагогтеріне білім алушыларды оқытумен және тәрбиелеумен байланысты кәсіптік қызметін жүзеге асыратын тұлғалар жатады.";

      112113 және 114-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:

      "112. Оқу орталығының басшысы түзету мекемесінің басшысымен келісу бойынша Оқу орталығының басшы педагогтерін, оқу-әдістемелік персоналын лауазымдарға тағайындайды және босатады. Оларды жұмысқа қабылдау және босату тәртібі Оқу орталығының Жарғысында айқындалады.

      113. Оқу орталығы басшысының, басшы, педагогтерінің, оқу-әдістемелік персоналының құқықтары мен міндеттері Оқу орталығының жарғысымен және түзету мекемесінің ішкі тәртіп қағидаларымен айқындалады.

      114. Оқу орталығының басшысы және педагогтер тәрбиешілер жасақтары кеңестерінің құрамына кіреді, сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысына мекеме әкімшілігімен бірлесіп қатысады.";

      115-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "2) Оқу орталығы әкімшілігінің, педагогтерінің және оқу-көмекші персоналының мекеме бөлімдері және қызметтерімен сотталғандарды оқыту, тәрбиелеу мәселелері бойынша өзара байланысын қамтамасыз етеді;";

      132133134 және 135-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:

      "132. Колледж басшысы түзету мекемесінің бастығымен келісу бойынша Колледждің басшы, педагогтерін, оқу-әдістемелік персоналын лауазымдарға тағайындайды және босатады. Оларды тағайындау және босату тәртібі Колледждің Жарғысында айқындалады.

      133. Колледждің басшы, педагогтерінің, оқу-әдістемелік персоналының құқықтары мен міндеттері Колледж Жарғысымен айқындалады.

      134. Колледждің басшысы және педагогтер тәрбиешілер жасақтары кеңестерінің құрамына кіреді, сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысына мекеме әкімшілігімен бірлесіп қатысады.

      135. Колледждің басшы, педагогтері және оқу-тәрбие персоналы штатын облыстық (қалалық) білім бөлімі айқындайды.";

      136-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "2) Колледж әкімшілігінің, педагогтерінің және оқу-көмекші персоналының мекеме бөлімдерімен және қызметтерімен сотталғандарды оқыту, тәрбиелеу мәселелері бойынша өзара байланысын қамтамасыз етеді;";

      139-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "139. Жабдықтар сатып алу, сондай-ақ Колледж орынжайларын ұстауға (коммуналдық қызметтер, ағымдық жөндеу және өзге де шығыстар) байланысты шығыстар, қызмет көрсететін персоналға еңбекақы төлеу түзету мекемелерінің қаражаты есебінен жүргізіледі. Басшы және педагогтердің, оқу-тәрбие персоналының еңбегіне ақы төлеу жергілікті бюджеттердің білім беруге көзделген қаражаты есебінен төленеді.".

      9. "Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 370 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8829 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 72 (27693) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларында:

      4-тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "5) әдіскер - оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жұмысты орындайтын білім бөлімінің немесе ұйымның педагогтері;";

      4-тармақтың 7) және 8) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:

      "7) әдістемелік кабинет - білім беруді басқару органдарының ұйымдастыру - әдістемелік сүйемелдеуді, білім беру процесінің нәтижелілігін талдау мен бағалауды, педагогтың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруіне жәрдемдесетін инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау мен таратуды қамтамасыз ететін білім беруді басқару органдарының құрылымдық бөлімшесі;

      8) оқу-әдістемелік жұмыс - оқу-тәрбиелік процесін психо-педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік қамтамасыз ету, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, білім беру ұйымдарындағы педагогтердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызмет.";

      21-тармаққа орыс тілінде өзгерту енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      26-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "26. Әдістемелік орталықтардың (кабинеттердің) құрылымы мен штаттары білім беру ұйымдарының мақсаттары мен міндеттеріне, ерекшеліктеріне педагогтердің санына қарай қалыптастырылады және құрылтайшы келісімімен анықталып, ұйым басшысымен бекітіледі.";

      40-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "40. Орталықтың педагогтеріне білім алушыларды оқыту және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын тұлғалар жатады.".

      10. "Педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 388 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9821 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 28 (27904) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін орындау қағидаларында:

      6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "6. Басшы күнтізбелік бір күн ішінде:

      1) қызметкердің педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруына тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот үкімінің көшірмесін алғанда;

      2) педагогтың педагог лауазымын атқару құқығынан айырылғандығы туралы сот үкімінің бар екені немесе жасырылғаны анықталған жағдайда оны атқарып отырған лауазымынан босатады.

      Бұл ретте педагогке кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты өзге жұмыс ұсынылмауы тиіс.";

      8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "8. Басшы жылына бір рет педагогтердің педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынған шектеулерінің бар-жоғы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық органдарымен тұрғылықты жері бойынша пробация қызметінен салыстырып тексеріп отыруға міндетті.".

      11. "Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10916 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларында:

      5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "5. Эксперименттік білім беру бағдарламаларын әзірлеуді педагогтер, ғалымдар, ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлер жүзеге асырады.";

      6-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "2) педагогикалық және педагогтер, ғылыми қызметкерлерді кәсіби даярлау және қайта даярлау;".

      12. "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 318 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11258 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясы тағайындалуына үміткерлер үшін мемлекеттік және шет тілдерін білуінің, сондай-ақ пәндік емтихандардың қажетті ең төменгі деңгейі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      13. "Баланың құқықтарын қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 708 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 832 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12844 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары қызметінің субъективті критерийлерінде: реттік нөмірі 16-жол мынадай редакцияда жазылсын.

Сұрақ қою
Для нас важно качество, будем рады получить от Вас обратную связь или ответить на вопросы.
Отправить резюме