Warning: session_start(): open(/var/lib/php/session/sess_7d1d76ef5278a31f1afac94ad462d822, O_RDWR) failed: Permission denied (13) in /var/www/vhosts/ikclk.kz/ikclc.kz/www/index.php on line 57

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: /var/lib/php/session) in /var/www/vhosts/ikclk.kz/ikclc.kz/www/index.php on line 57
Директордың блогы - Халықаралық Қазақ-Қытай Тіл Колледжі
 
ikcla@mail.ru
+7 727 249 36 16 +7 701 012 66 19
ikcla@mail.ru
+7 727 249 36 16 +7 701 012 66 19
ГлавнаяКолледж туралыДиректордың блогы

Директордың блогы

Құрметті ХҚҚТК сайтының қолданушылары!

Директор болгы көмегі арқылы Сіздермен байланысу мүмкіндігіне қуаныштымын! Бұл-колледж қызметі жайлы Сіздерді толғандыратын сауалдардың жауабын алу және талқылауға арналған жақсы мүмкіндік.
Бұл - біздің арадағы байланысты нығайтып, пікір алмасу арқылы тығыз қарым-қатынас орнату алаңы. Кез-келген тұлға өз сауалдарын, ұсыныстарын, пікірлерін жазып, қалдыруына болады. Бұл байланыс барлығымыз үшін пайдалы болады деген сенімдемін.

Колледж Директоры, Талғат Мамырұлы!
 

 

       

Талғат Мамырұлы – Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің директоры, бизнес-әкімшілендіру докторы (DBA), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тағайындаған Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері.

Талғат Мамырұлы 1961 жылы Қытай Халық Республикасында дүниеге келген. 1978 жылы Синьцзян университетіне «Электроника» мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны үздік бағамен аяқтады. Университеттен кейін ол оқытушылық қызмет атқарып, педагогикалық жұмыстарды ғылыми-зерттеу қызметімен ұштастыра білді. 1989–1991 жылдары Шанхайдағы Фудань университетінің аспирантурасында білім алып, республикалық және шетелдік басылымдарда жарық көрген көптеген ғылыми мақалалардың, сондай-ақ оқу-әдістемелік құралдар мен монографиялардың авторы атанды. Қазақ, қытай, ағылшын және орыс тілдерін еркін меңгерген.

1993 жылы Талғат Мамырұлы өзінің тарихи Отаны – Қазақстанға көшіп келді. 1993–1997 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Информатика институтында аға ғылыми қызметкер болып еңбек етті. 1997 жылы жары Ф. Мерхамитқызы екеуі «Ерке-Нұр» компаниясының негізін қалап, уақыт өте келе бұл кәсіпорын Қазақстан экономикасының дамуына маңызды үлес қосып отырған табысты компанияға айналды.
2004–2008 жылдары Аризона штатындағы (АҚШ) Солтүстік-Орталық университеттің (Northcentral University) докторантурасында білім алып, «Бизнес-әкімшілендіру докторы» (DBA) дәрежесін иеленді.

2007 жылы Талғат Мамырұлы «Ерке-Нұр» компаниясының қолдауымен құрылған және Қазақстанда теңдесі жоқ жаңа оқу орны – Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің басшысы болып тағайындалды. Бұл – Қытайдағы кәсіби-техникалық білім беру жүйесінің үздік тәжірибелері мен жетістіктерін Қазақстанның білім беру жүйесінде қолдануға бағытталған алғашқы инновациялық жоба. Колледждің ашылуы Талғат Мамырұлының өміріндегі айтулы кезеңге айналып, онда ол өзіндегі мол тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілетін, сондай-ақ адалдық, парасаттылық және адамдармен тиімді қарым-қатынас орнату сынды жеке қасиеттерін толық пайдалануға мүмкіндік алды.

Колледждің қызмет ауқымын кеңейту Қазақстан мен Қытай арасындағы халықаралық байланыстардың нығаюымен тығыз байланысты. Көп жылдар бойы бұл оқу орны өзінің халықаралық мәртебесін сақтап, оқытушылар ұжымы білім сапасын арттыруға үздіксіз ұмтылысын көрсетіп келеді. Колледждің білім беру нарығындағы беделі тек талапкерлер санының тұрақты өсуімен ғана емес, сондай-ақ жоғары сапалы білім беру жүйесімен, студенттердің ұлттық әрі халықаралық олимпиадалар мен байқаулардағы жеңістерімен, шетелдік серіктестермен тығыз қарым-қатынас орнатуымен және түлектерінің жұмыс берушілер тарапынан жоғары сұранысқа ие болуымен нығаюда.

Оқыту мемлекеттік стандарттарға толық сәйкес жүргізіледі, ал Қытай Халық Республикасының кәсіби-техникалық және жоғары оқу орындарымен орнатылған серіктестік байланыстар студенттерге әрі теориялық, әрі тәжірибелік дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік береді. Колледждің басты мақсаты – елімізде кәсіби-техникалық білімді дамытуға үлес қосу, яғни жұмыс берушілердің заманауи талаптарына сай келетін, бастамашыл және конструктивті ойлайтын, сондай-ақ әлемдік жетекші тілдерді еркін меңгерген білікті мамандарды даярлау.

Білім беру саласындағы көпжылдық жемісті еңбегі мен Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Талғат Мамырұлы 2010 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тағайындаған Ыбырай Алтынсарин атындағы құрмет белгісімен марапатталды.

Бүгінде Талғат Мамырұлының басшылығымен Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі Қазақстан мен Қытай арасындағы білім және экономика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға елеулі үлес қосып, өңірдегі кәсіби-техникалық білім беру саласының флагманы болып саналады.

Сұрақ қою
Для нас важно качество, будем рады получить от Вас обратную связь или ответить на вопросы.
Отправить резюме