"Sanaly urpaq" жобасының миссиясы: сыбайлас жемқорлықтан азат Қазақстанда тұруға бағытталған патриоттық және бәсекеге қабілетті жастар даярлау.
Жобалық негізгі мақсаты - білім беру саласындағы жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбейтін ортаны қалыптастыру.
«Sanaly urpaq» - білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің қысқаруына, болашақ ұрпақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой-өрісті және мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға бағытталған жоба.
Қазіргі таңда ХҚҚТК жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және академиялық адалдықты қалыптастыру жұмысы бағытында «Sanaly urpaq» жобасы жүзеге асырылуда.Колледжімізде «Саналы ұрпақ – жарқын болашаққа» атты жастар клубы жұмыс істейді.
Жетекшісі- Манаспаев С.Н.. Оның Ережесі бекітіліп, құрамында 30-ға жуық студент бар.
Клуб қызметінің негізгі міндеттері:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыт бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша кеңес беруді ұйымдастыру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру саласындағы колледж қызметін үйлестіру;
- барлық білім беру, ғылыми-зерттеу, тәрбие және басқа да үдерістерге қатысушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен санасын қалыптастыру мәселелері бойынша бағыттарды реттеу