ХҚҚТК басқару және үйлестіру жүйесі
Колледждің басқару жүйесі оқу-тәрбие процесі жұмысын жақсартуға және кәсіби оқыту бағдарламаларын орындауға бағытталған. Колледждің басқару жүйесі ҚР заңнамасына және колледж Жарғысына сәйкес жүзеге асады. Жарғыға сәйкес колледж қызметін толықтай директор атқарады. Директор өз қызметінің құзыреттілігіне сай барлық санаттағы қызметкерлер мен студенттер орындауға міндетті бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар және басқа да әкімшілік құжаттар жариялап отырады.
Оқу орнының құрылымы колледж қызметін ұйымдастыратын үш бөлімнен тұрады: оқу, тәрбиелік және халықаралық ынтымақтастық бөлімі мен оның бөлімшелері. Аталмыш ұйымдастырылған құрылымды даярлау білім беру саласындағы бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етеді.
ХҚҚТК бүкіл құрылымдық құрамының басты мақсаты – мамандықтар бойынша кәсіби-техникалық мамандарды даярлау сапасын жақсартуға бағытталған шарттарды жүзеге асыру.
Оқу процесі бойынша жоғары басқару органы педагогикалық кеңесте колледждің негізгі даму бағыттары қаралып, бекітіледі.
Организационная структура управления колледжем, скачать, 9,8 мб