Қашықтықтан оқыту кезіндегі ХҚҚТК колледжі студенттерінің ата-аналары назарына ұсыныс:
КОЛЛЕДЖ ПСИХОЛОГТАРЫНЫҢ КЕҢЕСІ:
Барлық қызметтер ауру белгілері жоқ адамдарға әлеуметтік байланыстарды шектеуге кеңес береді.
Бүгінгі күні бұл коронавирустың таралуына қарсы күресудің тиімді шарасы жауапкершілігі мол азаматтық міндет. Осыған байланысты қазір барлық ХҚҚТК студенттері қашықтықтан оқытуға көшті.
Құрметті ата-аналар!
Колледжде сабақ кестесі автоматты түрде құрылды: сабақтың басталуы мен аяқталуы нақты бекітілген. Қашықтықтан оқыту кезінде студенттер көбіне күн режиміне назар аудармайды. Біріншіден, күнделікті әдеттегі тәртіп пен күн режимін (ұйқы мен ояну уақыты, сабақтың басталу уақыты, ұзақтығы, «үзілістер» және т.б.) нақты сақтауыңыз керек. Тәуліктік режимнің кенеттен өзгеруі жасөспірімдердің бейімделу қабілеттерінің айтарлықтай өзгеруіне әкелуі және шамадан тыс шиеленіс пен стреске әкелуі мүмкін.