Қашықтықтан оқыту кезінде режимді қалай қалыптастырамыз:
№1 Ереже. Уақытылы ұйықтап демалу қажет.
Студент кем дегенде 8 сағат ұйықтауы керек. Уақытында ұйықтау үшін физиологтар «жасанды күн бату» режимін жасауға кеңес береді: студенттің жұмыс күні 17.00-ден кешіктірілмей аяқталуы керек. Үй тапсырмасын кешкі демалыстан кейін жасауға болады.
Ең маңызды тапсырмаларды таңертең қалдыруға болады. Түнгі ұйқыға 2 сағат қалғанда үйдегі шамдарды сөндіріп, бір сағаттан кейін компьютер мен смартфоннан бас тартыңыз.
Бұл демалыс режиміне ауысуды жеңілдетеді. Ұйқыдан ояну 8.00-ден кешіктірілмеуі керек, өйткені сабақтар түстен кейін 14.00-де басталады, студент оянып, таңғы ас ішіп, сабаққа дайындалуы керек, сонымен қатар түскі үзіліске де үлгеруі керек.
Таңертең бүкіл отбасымен жаттығу жасап, күні бойына сергек жүруге кеңес береміз. Бұл әсіресе таңертең ерте тұра алмайтындар үшін қолайлы. Бұл режимге барлық отбасы мүшелерінің, әсіресе ересектердің қатысуы студеттің өзіне таныс емес жаңа жағдайларға тез бейімделуіне көмектеседі. Демалыс күндері сол қалыпты режимді сақтау керек, аса қажет жағдайларда, бір сағаттан кейін тұруға болады, бірақ артық қажет емес. Бұл әдет қалыптасып кетсе, таңертең ояну оңай болады.
№ 2 ереже. Күнделікті жоспарды дұрыс құрыңыз.
Уақытты басқару қағидаттарына сәйкес күн режимін қалыптастыру басымдықтарды анықтаудан басталады: студенттің негізгі кәсібі - оқу, сондықтан оған күннің ең өнімді бөлігін - күннің жартысын қабылдаған жөн!
№3 ереже. Күн сайын үй тапсырмасын орындаңыз.
Оқуда жүйелілік болу керек. Тәжірибелік тапсырмалар материалды бекітуге, жағымды әдеттің қалыптасуына ықпал етеді. Үй тапсырмасын орындауға отырған әр студент «ертең олар сұрайтын болады» деп емес, өзінің міндетті жұмысы ретінде қарауы қажет.
№ 4 ереже. Күнделікті қолданыңыз.
Жазба күнделік –сіздің күндік режиміңізді қалыптастыратын керемет көмекші. Алдын-ала жоспарлау және оны ұстану әдеті сіздің келешегіңіздің баға жетпес құндылығына айналады. Сіз күнделік-блакноттан басқа барлық жұмыс аптасы бір уақытта орналастырылатын планерді, сонымен қатар телефондағы, қосымшалардағы немесе онлайн бағдарламалардағы жазбаларды пайдалана аласыз.
№ 5 ереже. Үзіліс жасап, таза ауамен дем алыңыз.
Жаяу жүру өсіп келе жатқан организмге қажет. Физиологтар миды оттегімен қанықтыру үшін күн сайын кем дегенде бір сағат таза ауада өткізуге кеңес береді. Оқу мен үй тапсырмасы арасында үзіліс болуы керек.
Қашықтықтан оқыту кезіндегі ХҚҚТК студентінің
КҮН ТӘРТІБІ
07:00–08:00 Ояну, жаттығу, таңғы ас.
09:00–11:30 Оқуға дайындық - жеңіл тағамдар, мысалы, бір алма, бір стақан шырын.
12:00–13:00
Түскі ас -міндетті тамақтану (екінші немесе үшінші сабақтан кейін).
14:00–16:10
Сабақ кестесі бойынша дайындық.
15:00–17:00 Пән мұғалімдерімен кеңестер.
17:30–19:00 Жеке істер, бос уақыт. Кешкі ас.
19:30- 20.30 Үйге тапсырмасын дайындау.
20.30-21.30 Бос уақыт.
22.00 Түнгі ұйқы.