«Жамбыл – менің жай атым, халық - менің шын атым» тақырыбында Жыр алыбы – Жамбылдың 175 жылдығына арналған онлайн ашық тәрбие сағаты өткізілді. Ұйымдастырушылар: оқытушы С.М.Тлеулиева мен Т104-20 топ студенттері.
Мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру. Студенттердің сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу.
Ашық тәрбие сағаты барысында студенттеріміз Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан тың мәліметтер айтып, бейнематериалдар көрсетіліп, өлең шумақтары оқылды. Сондай-ақ, Сүйінбайдың Жамбылға берген батасы туралы шағын көрініс қойылды.
Соңында ашық тәрбие сағатының арнайы қонағы, Әуезов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ешенова Мақпал Нұрдәулетқызы сөз сөйлеп, атаулы күнмен баршамызды құттықтады.