ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57
ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57

V Халықаралык «Жас турист» этно-эко-экскурсиялық спорттық туристік байқауы өтті

Халықаралык қазак-қытай тіл колледжінде 1-2 маусым кундері колледж студенттері арасында V Халықаралык «Жас турист» этно-эко-экскурсиялық спорттық туристік байқауы өтті. Байқаудың 1-кезеңінде әр команда өз өлкесі бойынша туристердің қызығушылығын тудыратын, туризмді дамытуда өзекті болып табылатын туристік нысанға жоба жасады. 2-кезенде жарысқа қатысушылар спорттық туризм бойынша командалық тапсырмалар орындады. 2-кезең Алма арасан демалыс орнында Аю сайда өткізілді. Бұл сайысқа Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінің, Байқоңыр, Алтай калаларының, сонымен катар Алматы каласының колледж студенттері қатысты. Сайысқа білікті мамандардан құралған тәуелсіз Әділқазылар алқасы төрелік етті.

1- кезең қорытындысы бойынша бойынша:
1- орынды Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің командасы;
2- орынды Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің командасы;
3 - орынды Алтай жогары колледжінің командалары иеленді.

2- кезең, спорттық туризм бойынша:
1- орынды Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің командасы;
2- орынды Бахмал экономика және туризм колледжінің командасы (Өзбекстан);
3- орынды Ош мемлекеттік университетінің STEM инновациялық колледжінің командасы (Қырғызстан) иемденді.
Сайысқа қатысушы командаларды Мәдениет және спорт министрлігі Туризм комитеті төрағасының орынбасары Тулебаев Мирас Қалиұлы марапаттады. Жеңімпаз командаларға дипломдар, бағалы сыйлықтар берілді.

     

Сұрақ қою
Для нас важно качество, будем рады получить от Вас обратную связь или ответить на вопросы.
Отправить резюме