ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57
ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57

Ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай колледжімізде онлайн мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

 

Ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай колледжімізде онлайн мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Колледж директоры Талғат Мамырұлы қазіргі еліміздегі жағдайға қарамастан  әрбір студентке сапалы білім беріп жатқан ұстаздар қауымына алғыс білдірді. 1-3 курс білімгерлері барша ұстаздар қауымына видеоқұттықтау жолдап, жылы лебіздерін айтты. Осы мереке қарсаңында 2019-2020 оқу жылында жеткен табыстары үшін колледж оқытушылары Оразғали Гүлжа, Әлмұхамед Гүлмира қалалық білім басқармасының басшысының құрмет грамотасымен, Талғат Мамырұлы, Ануар Сауле, Утеулиева Фарида Есеновна, Ахтаева Ляйла Маратовна, Нурпейсов Салмак Мирханович салалық қауымдастықтар мен кәсіби білім беретін ұйымдар одағы атынан шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін марапатталды. Машев Мадияр мен Әкімбек Жанаргүлге Әуезов  ауданы әкімінің алғыс хаты табысталды, колледж директоры Сейсен Алмажан, Сымағүл Шакура, Қуат Тамара, Болысбаева Айгерим Умергалиевна, Кенжал Айнур, Жаңабай Сандуғаш Нұрғазықызы, Азірбайжан Ердан Нұрланұлы, Алипова Айнур, Зейнулда Әсем Зейнулдақызы, Арзиева Нигара, Сарқытбай Қайнарды арнайы алғыс хатпен марапаттады. Мерекелік іс-шара көтеріңкі көңіл-күймен жалғасын тапты.
 

Сұрақ қою
Для нас важно качество, будем рады получить от Вас обратную связь или ответить на вопросы.
Отправить резюме