Қазан айында аталып өтетін мерекелер ішіндегі ең ұлық та, ұлағатты мерекенің бірі - «Ұстаздар күні»!
Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінде ұстаздар мерекесі кеңінен аталып өтті. Бұл мерекелік шара колледж диреторының:
«Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздердің көңілдеріңіз әр оқушының жан-дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады. Сіздердің мамандықтарыңыз елдегі ең қадірлі, ең мерейлі әрі аса жауапты мамандық» - деп ұстаздар қауымына деген жүрек жарды құттықтау сөзімен басталды.
Қазақстанның болашағы, оқуда қандай жетістікке жететіні, өмірде қаншалықты табысты, іскер болатыны тікелей тәлімгерге байланысты. Елбасының айрықша көңіл бөлуі нәтижесінде білім мекемелерін көбейту және олардың материалдық-техникалық базасын заманауи қондырғылармен жабдықтау арқылы білім саласын дамытуға барлық жағдай жасалып келеді. Оның барлығы білім сапасын арттыруға, кәсіби шеберлікті нығайтуға, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін жоғарылатуға ықпал ететіні сөзсіз.
Сондай-ақ мерекелік іс-шарада колледжіміздегі үздік ұстаздарға жұмыста белсенділік пен жоғары жетістіктерге жеткені үшін колледж диреторының арнайы «Алғыс хаты» табысталды. Мерекелік шара студенттердің дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.