17 наурыз 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал адам- Адал еңбек- Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласын білім беру мамандары мен білім алушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында Хакім Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Ұлы дала дарыны» атты республикалық байқауына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Тлеулиева Сабира Мусретуллаевнаның жетекшілігімен Абай өлеңдерін мәнерлеп оқудан колледжіміздің студенттері қатысты. Нәтижесінде 1-курс студенттері Амей Санжар, Омарбай Рамазан, Аманқұл Аянат жүлделі 1- орындарды иелене отырып, Астана қаласында өткен марапаттау рәсіміне қатысты.