ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57
ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57

Ұлы ақын Абайдың 175 жылдығы

     

                                      

       Биыл Ұлы ақын, ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толды. Осы атаулы мерекеге орай Қазақстанның барлық өңірлерінде жоғары деңгейде  іс-шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде де Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Абай өлеңдерінен үзінді оқу челленджі жалғасын тапты. Әлемге әйгілі тұлғалар да өз үлесін қосып, қызығушылық танытты.
     Аталмыш мереке қарсаңында біздің колледжімізде де қашықтықта 27 сәуір күні «Абай-дана, Абай-дара қазақта» атты байқау өткізілді. Колледж білімгерлері Абай атамыздың өлеңдері мен поэмаларынан үзінді оқыды, бұл байқауда жүлделі III орынды 2 курс студенті Орынбаева Анель, 1 курс студенті Тұрсынхан Айбар иеленсе, II  орын 2 курс студенті Сапарқызы Жансая мен 3 курс студенті Жұман Шыңғысқа бұйырды. Байқауда озық шыққан 3 курс студенті Пономаренко Александра мен 2 курс студенті Қанапияева Қаламқас болды. Барлық студенттер мақтау қағаздарымен марапатталды.

Сұрақ қою
Для нас важно качество, будем рады получить от Вас обратную связь или ответить на вопросы.
Отправить резюме