16 сәуір 2021
Студенттер практикасы басталғанына бір апта уақыт өтті. Әрбір сабақ өте қарқынды, белсенді және қызықты өтуде. Туризм мамандығы бойынша аптасына алты сабақ өтіліп, күніне екі сабақтан болып жатыр. Студенттер өз тілдерін жетілдіріп қана қоймай, өз салаларында тәжірибе жинақтайды. Өздігінен таба алмайтын қосымша сабақтарды, осы сабақтың арқасында біліп, үйренетін болады. Қытайдың жаңа тұлғаларымен танысып, олардың мәдениеті туралы көбірек білім алады.
Студенттерге практика өту мүмкіндігін берген үшін Солтүстік-Батыс заң және құқық университетіне, сондай-ақ Оңтүстік Орталық Ұлттар Университетіне алғысымызды білдіреміз.