2021 жылдың 22 қыркүйегінде Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі қабырғасында «Тілдер мерекесіне» арналған салтанатты іс-шара өтті.
Аталмыш мереке дәстүрлі түрде 1998 жылдан бастап тойланып келеді. Бұл мерекелік күннің басты мақсаты-Қазақстан азаматтарының бойындағы ана тіліне деген құрметпен махаббат сезімін тәрбиелеу, өзге ұлттардың дәстүрі, тілі, құндылықтары туралы студенттердің санасын кеңейтіп, сыйластықпен қарауға үйрету. Тіл-халық тарихы, ұлтының соққан жүрегі. Қазақ тілінде біздің ата-бабаларымыздың үні сақталған, жыры жатталған. Қазақ тілі сөздігінде 166 мыңнан аса сөз кездеседі және баршамызға айқын, қазақ тілі-әлемдегі ең көркем, сөздік қорға бай әлемдік тілдердің бірегейі.
22 қыркүйек —ҚР халықтарының тілдер мерекесіне орай колледжімізде "Тіл — татулық тірегі" тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.
Мақсаты: білім алушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу.
Мерекелік шараға колледжіміздің 1,2,3-курс студенттері қатысып, өз өнерлерін, білімдерін жан-жақты көрсетті.
Әр тұлға үшін ана тілі-әріптерден құралған бос сөз емес, көңілімізді тебірентетін ұлы ұғым. Ана тілі-қара шаңырақтың есігін ашатұғын алтын кілт. Қазақ тілі қазақ барда мәңгі жасай бермек!