2018 жылдың 22 қыркүйегінде Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінде «Тілдер мерекесіне» орай «Тіл – татулық тірегі» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Мақсаты: ҚР азаматтарының ана тіліне деген құрмет сезімдерін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, өзге елдің тілдерін, салт-дәстүрлерін білуге тәрбиелеу.
Мерекелік іс-шараға колледжіміздің студенттері өздерінің тілдерді жетік меңгергендіктерін байқатты. Қазақ, орыс, ағылшын, корей және қытай тілдерінде өнерлі де, талантты студенттеріміз әндер шырқап, би билеп, түрлі танымдық ойындарын ойнатып, тәрбиелік маңызы бар сахналық қойылымдарын көрсетіп, өздерінің және көрермен қауымның бойына тілдің маңызыдылығын, құдіретін сезінуіне түрткі бола білді.
Тіл – елдің тарихы. Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті.