ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57
ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57

«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» ҚР Президентінің халыққа Жолдауы

2019 жылдың 13 қыркүйегінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халқына жолдауын колледж қызметкерлеріне баяндау мақсатында жиналыс өткізілді.


Жиналыс тақырыбы - «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі». Колледж ұстаздары дайындаған баяндама барысында Елбасымыздың жолдауында айтылған негізгі идеялар мен мақсаттар айтылды.


«Заман талабына сай тиімді мемлекет» - «Күшті Президент-ықпалды Парламент-есеп беретін Үкімет» үштұғырының берік, қажырлы ынтымақтастығының жемісі. 


Жиналыста Елбасымыздың халқына жолдауындағы «туризм» мен «нағыз отаншылдыққа» тәрбиелейтін ел өміріндегі елеуі оқиғаларды атап өту туралы тұжырымдамасы да айтылды. Ол бойынша Президент тапсырысы негізінде алдағы жылдар жоспарында «Алтын Орданың 750 жылдығын мәдениетіміз бен тарихымызға туристердің назарын аударып», «Әл-Фарабидің 1150», «Абайдың 175 жылдығын» қажетсіз ысырапсыз, шығармашылықты насихаттауды атап өту міндеті сөз болды. Еліміздің туризм және халықаралық байланыс саласына біздің  Халықаралық Қазақ-Қытай Тіл Колледжі де үлес қосып келеді. Колледж жыл сайын тіл мамандарымен қоса, еліміздегі туризм саласын қатар дамытып келе жатқан білім шаңырағы.


 Баяндама соңында колледж директоры Т.Мамырұлы «Заман талабына сай тиімді мемлекет» құру жолындағы халықпен ашық диалогқа негізделген Президент саясатымен қоса, «Азаматтардың құқықтар мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «Инклюзивті экономика», білім беру сапасын жақсарту бөлімдеріне тоқталған Президент жолдауын студенттерге кураторлық сағаттарда жеткізу міндетін тапсырды. 

 

 

 

 

Сұрақ қою
Для нас важно качество, будем рады получить от Вас обратную связь или ответить на вопросы.
Отправить резюме