Солтүстік-Батыс заң және құқық университетінің, сондай-ақ Оңтүстік Орталық Ұлттар Университетінің қатысуымен Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінде «Аударма ісі» студенттеріне арналған онлайн-практикасы өтіп жатыр. Сабақ аптасына 8 рет өткізіледі.
Негізгі тақырыптар:
● лексика және иероглифика;
● түсіндірмелер мен мысалдар келтірілген грамматика;
● жаттауға болатын ауызекі сөйлемдер;
● оқылған материалды сөйлеу барысында қолдану.
Сабақ барысында студенттер өздерінің тілдік дағдыларын жетілдіреді, сонымен қатар қытай тілін ана тілінде сөйлейтін оқытушылармен бірге жүргізеді. Қытай Халық Республикасы туралы жаңа мағлұматтар біліп, мәдениетімен танысады. Сабақ халықаралық деңгейде өтеді. Біздің студенттер үздіктердің үздігі!