ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57
ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57

Шет тілінің шебері

2022 жылдың 19 мамыр күні кәсіби - техникалық білім саласының он күндік іш-шарасы шеңберінде Халықаралық қазақ- қытай тіл Колледжінің ұйымдастыруымен Алматы қалалық білім басқармасының, Салалық қауымдастықтар және кәсіби білім ұйымдары одағының  қолдауымен  " Алматы қаласы колледж студенттері арасында ағылшын,қытай тілдері бойынша " шет тілінің шебері " атты қалалық деңгейдегі сайыс өтті , сайысқа 15 колледжден 35 студент қатысып , шеберліктен бақтарын сынады . Сайысқа Ал-фараби атындағы қазақ ұлтық университетпен Абылайхан атындағы қазақ Халықаралық Қатынастар және әлем тілдері  университеті ұстаздарынан құрам тапқан тәуелсіз әділ қазылар алқасы төрелік етті . Сайыс соңындағы қорытынды бойынша жеңімпаздар тізімі төмендегідей болды : Ағылшын тілі : 1-ші орын   Алматы авиациялық колледжінің студенті  Марсова Ардақ , 2-ші орынды Халықаралық қазақ- қытай тіл колледжінің студенті Шоқан Ақнұр , 3-ші орын Халықаралық қазақ- қытай колледжінің студенті Святова Диана  , Алматы Қаржы- экономикалық колледжнің студенті Мұқаметжанова Алина және Инновациялық техникалық колледжінің студенті Амангелди Абдулла  жеңіске жетті.

Қытай тілінің қорытындысы бойынша:

1-ші орын  Халықаралық қазақ - қытай тіл колледжі студенті Истинова Дария , 2-ші орын Лингвистикалық колледж студенті Жәудетқызы Гаухар , Халықарылық қазақ-қытай тіл колледжінің студенті Рамзарова Рамина  , 3-ші орын  Шет тілдер педагогикалық колледж студенті  Әміржанова Әсем, Тұран университетінің колледжі  Булдакова Кристина , Халықаралық сервис және менеджмент колледж студенті  Оризадиева Аружан иеленді .

 Жеңімпаздар және жетекшілері бағалы сыйлықтармен , дипломдармен марапатталды!

    

Сұрақ қою
Для нас важно качество, будем рады получить от Вас обратную связь или ответить на вопросы.
Отправить резюме