1 қыркүйек 2019
2019 жылдың 1 қыркүйегінде колледж қабырғасында «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбындағы білім күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
1 қыркүйек-кеше ғана түлеп ұшқан жастардың алғаш өмір діңгегіне кірпіш болып қалануға қадам басар күн. 1 қыркүйек-мыңдаған ұсыныстар арасынан бір ғана дара жолды таңдар күн. 1 қыркүйек-білімге ұмтылған жастардың мерейлі мерекесі.
Еліміздегі білім беру жүйесінің басты мақсаты-бәсекеге қабілетті маман дайындау. Арманы-асқақ, тілегі-айқын ізденімпаздардың алғаш оқу орнының табалдырығын аттаған білім күнін біздің колледж де жоғары деңгейде атап өтті.
Мерекелік шара барысында ХҚҚТК директоры Т.Мамырұлы қатарға жаңадан қосылған студенттерді құттықтап, білім айдынында сүрінбей, ғылым шыңын бағындыруларына сенім білдірді.
Салтанатты іс-шара колледждің он саусағынан өнер тамған дарынды студенттердің концертімен жалғасты.
Сапалы білім-жарқын болашағыңыздың кепілі.
Жарқын болашаққа басқан қадамдарына нұр бітсін деген ниетпен барша студенттердің жаңа оқу жылымен құттықтаймыз!