ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57
ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57

«Саналы ұрпақ» студенттік клубына қабылдау рәсімі өтті

28 қазан күні республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңесінің жетекшісі Токушев Қайыржан Ахметбекұлының қатысуымен Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі мен Алматы технология және флористика колледждерінде  студенттерді аталмыш клуб мүшелігіне қабылдау жиналысы өтті.  Онлайн форматта өткізілген жиналыста «Саналы ұрпақ» студенттік клубының осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстары, іс-шаралар жайлы мәлімет беріліп, клубтың мақсат-міндеттерін түсіндіріп өтті. Колледж басшылары жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды. 
Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің «Туризм» және «Аударма» мамандығының 1 курс студенттері Тохтиева Шахида мен Сағымбек Талшын ант қабылдап, клуб мүшелігіне қабылданды.
Қайыржан Ахметбекұлы клуб мүшелері қатарына қосылған студенттерді құттықтай келе, алдағы атқарылатын іс-шараларды тізбектеп көрсетіп, өзінің ұсынысын білдірді. Адам бойындағы ізгі қасиеттер арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу керектігін айта келе, «Саналы ұрпақ» жобасының негізінде дайындалған әдістемелік нұсқаулықты түсіндірді.  Жиналыс соңында республика көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүзеге асырылып жатқан нақты шараларды айтып кетті. 

Сұрақ қою
Для нас важно качество, будем рады получить от Вас обратную связь или ответить на вопросы.
Отправить резюме