Республикалық IV «Жас турист» этно экскурсиялық-спорттық
туристік байқауы Халықаралық Қазақ- Қытай тіл колледжінің ұйымдастыруымен
14-22 сәуір аралығында өтті . Байқауға республиканың әр өңірінен 13 колледждің туризм мамандығында оқитын студенттері арасынан 14 команда қатысты. Байқаудың 1 кезеңінде әр команда өз өлкесі бойынша туристердің қызығушылығын арттыратын туристік нысанның жобасын жасады , бірінші кезеңнен 7 команда іріктеп алынып , 2 кезең Алматыдағы Медеу шатқалында, табиғат аясында спорттық туризм бойынша сайысқа түсті .Байқауға туризм саласының білікті мамандарыныан құрам тапқан Әділқазылар алқасы төрелік етті.
1 кезең қорытындысы бойынша
1. орынды Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі, Алматы қаласы,

2. орынды «Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжі»,

3.орынды «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжі иеленді.

2 кезең бойынша
- орынды «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжі,

2.орынды Гуманитарлық-техникалық колледж, Петропавл қаласы,

3.орынды Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі, Алматы қаласы иеленді.

Барлық жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтармен, диплом, сертификаттармен марапатталды. Қатысқан командалар мен жетекшілері де сыйлықтармен, сертификаттармен марапатталды.
