2018 жылдың 3 қазан айында Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің «Туризм» мамандығы бойынша білім шыңдап жатқан 3-курс студенттері «Туристік қызметті ұйымдастыру» пәні бойынша тәжірибені Үлкен Алматы көлінде өтті.
Студенттер еліміздегі осы таңғажайып демалыс орны туралы көптеген құнды деректер мен маңызды ақпараттар жинап қайтты.
Тәжірибе мақсаты болып табылатын сауалдардың практикалық тұсын қарастыра отырып, өз мамандықтарының өзегі болып табылатын туристік сауаттылық, туристердің қауіпсіздік шаралары мен жайлылығын қамтамасыз ету, туристік маршруттарды жобалау, дамыту және ұйымдастыру жұмыстарын қарастырды.
Үлкен Алматы Көлі - Алматы қаласы тұрғындарымен қоса қала қонақтарының да ауасы таза, суы балдай, таулары тылсым таңғажайып демалыс орны.
Бұл жердің басты құндылықтары – бұлтпен таласқан асқар таулар қоршаған табиғи ертегідегідей пейзаж, әр қырдан мен мұндалап тұратын тілсіз, мөлдір көлдің бейнесі.