27 қараша 2020
27 қараша күні Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінде гинеколог-дәрігер Т.С.Юсупованың, колледжіміздің медбикесі А.Б.Қайраханованың, педагог-психолог Е.А.Парилованың қатысуымен «Өз тағдырың өз қолыңда» атты тақырыпта қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу бойынша вебинар өткізілді. Вебинардың мақсаты– ерте жүктіліктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың денсаулықтарын қорғау, студенттердіің бойында өзін-өзі күтудің дұрыс гигиеналық нормаларын қалыптастыру. Мамандар өз пікірін білдіріп, кеңестерін берді.