ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57
ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57

Наурыз айының 3і күні "Мені қызықтыра білген пәндер" апталығының жабылуы өтті! Барлық ашық сабаққа белсене қатысқан студенттер Алғыс хатпен марапатталды!

03.03.2022 күні «Жалпы білім беретін пәндер және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» бірлестігінің «Мені қызықтырған пәндер» атты апталығының жабылуы өтті.Апталық барысында ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Студенттер түрлі интеллектуалды топтық сайыстарға қатысып, білімдерін жан-жақты шыңдай түсті.Сондай-ақ, апталық барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы С.М.Тлеулиеваның ұйымдастыруымен М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты оқытушылар арасында мәнерлеп өлең оқудан эстафета өткен болатын. Эстафетаның нәтижесінде: 1-орынды – Сәрсенғал Мерей, 2-орындарды – Л.М.Ахтаева, С.Б.Атыханова, 3-орынды – Г.Оразғали, Г.Оразхан, А.Нұрлыбаева және «Көркемсөз шебері» номинациясын колледж директоры Талғат Мамырұлы, «Ұлыларды ұлықтаған» номинациясын колледж кітапханашысы Б.А.Тасбулатовалар иемденді. Жеңістеріңіз құтты болсын!

         

Сұрақ қою
Для нас важно качество, будем рады получить от Вас обратную связь или ответить на вопросы.
Отправить резюме