ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57
ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57

«Махаббат – өмір негізі»

12 ақпан күні Халықаралық қазақ-қытай коледжінің студенттері үшін Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы авторының қоғамдық қызметіне арналған «Махаббат – өмірдің негізі» атты жалпы республикалық ашық сабақ өткізілді.

          Сабақтың мақсаты «махаббат» сөзінің өмірдің таусылмас қайнар көзі ретінде жалпы адами құндылықтар туралы түсінігін кеңейту және де бейбітшілік, өмір, Отан сияқты сөздерді ұғынуына жағдай жасау болып табылады.

          Сабақ барысында студенттер Сара Алпысқызының «Өмір әдебі» кітабынан фрагменттермен таныстырды, әр адам өміріндегі мейірімділік рөлі туралы талқылады, өз ұрпағының адамдарға деген адал махаббатын білдіру үшін ұсыныстар құрастырды. Тақырып барысында махаббат сезімі  туралы, оның неге әкелетіні, бұл өмірде неге қажетті екені сияқты сұрақтар талқыланып, жоғары деңгейде өтті.

 

          Сара Алпысқызының өмірі мен қызметінің мысалында студенттер «махаббат» сөзінің өмірдің таусылмас қайнар көзі ретінде жалпы адами құндылықтар туралы, риясыз махаббаттың мәні туралы түсініктерін кеңейтіп,  махаббаттың мейірімділік, аяушылық, кешірімділік, қабылдау, басқаларға көмек көрсетуге, оның орнына ешнәрсе күтпей,  ұмтылуда екенін сезінді.

Сұрақ қою
Для нас важно качество, будем рады получить от Вас обратную связь или ответить на вопросы.
Отправить резюме