Осы жылы елімізде айтулы мерекелер көп, соның бірі және бірегейі – Қазақстан Республикасының Конституциясының 26 жылдығы. 30 тамыз – Қазақстан халқының тарихи шешім қабылдап, елдің құқықтық өміріндегі жаңа дәуіріне қадам басқан күні.
Бүгінгі Қазақстан мемлекетінің ұйытқысы болып отырған Ата заңымыз мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын, ата-бабаларымыздың ар мен намыстан тұратын бірлік, тыныштық идеясын өз бойына сіңірді.
Дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдында жоғары жауапкершілікті сезінуіміз қажет. Өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, Ата заңымызды құрметтеу – біздің басты парызымыз. Қазақ елінде заң үстемдігін орнатамыз десек, ең алдымен, Конституцияны және осыған негізделген барлық заңдар мен өзге де құқықтық актілерді бұлжытпай орындай білуіміз қажет.