Қашықтықтан оқыту барысында қытай тілінен (орыс поэзиясынан)өткізілетін бірінші кезекті мәтінді мәнерлеп оқу байқауы туралы хабарлама
Байқаудың басты мақсаты:
Қашықтан оқыту барысында студенттердің мәдени іс-шаралардағы белсенділігін арттыру мақсатында, біздің колледжде қытай тілін мәнерлеп оқу байқауы өткізіледі.
1. Байқаудың мақсаты:
Қытай тілін үйреніп жатқан студенттерге өзінің қытай тіл білімін көрсетуге мүмкіндіктер беру, өзара үйрену, тіл табысуға мүмкіндіктер беру.
2. Байқау уақыты:
08.05.20ж - 18.05.20ж аралығында пән оқытушысы әр топтан 3 студенттің мәнерлеп оқу бейнежазбасын жинақтайды, жарыстың нәтижесін жарыстың ұйымдастыру комитеті (колледж) бірлесіп ең үздік бейнежазбаны белгілейді.
3. Қатысушыларға қойылатын талаптар:
Колледжде ҚХР-сынан көшіп келген қандас студенттер саны да аз емес. Олардың орыс тілін жетілдіру, сондай-ақ қашықтықтан оқыту бойынша қызықты байқауға қатысу үшін біз орыс тілінде мәнерлеп оқу байқауын өткіземіз (Абай атамыздың өлеңдерінен). Байқау нәтижелерін орыс тілі мұғалімдері анықтайды.
4. Ескертулер:
• Конкурсқа қатысатын студенттерге жинақы киіну, мәдениетті түрде сөйлеу және тоннан алыстамау,дауыстары анық,сезіммен мәнерлеп оқу сияқты талаптар қойылады;
• Белгіленген мәтін мәдени,тәрбиелік орны бар,оқушының ойын дамытып,жақсы жолға жетелейтіндей болу керек.
• Бейнежазба анық,кедергі дауыссыз,жайсыз көрініссіз болу керек.
• Байқауға қатысатын студенттер мәтінге қарамай,тоқтаусыз,мәнермен айтуы тиіс.
• Байқауға ұсынылатын шығармалардың тақырыбы,аты-жөні,тобы,жетекші мұғалімі жайындағы ақпараттар толық,қатесіз болуы тиіс.
5. Мұғалімдерге марапаттар:
Осы кезекті байқауда үздік жетекші деген алғыс хаттар да болады.
6. Жүлдені жариялау уақыты:
25.05.2020ж. 10: 00-де.
7. Ұйымдастырушы:
Халықаралық Қазақ-қытай тіл колледжінің шет тілдер орталығы.