12 қараша күні Әуезов ауданының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторлары Нургалиев Алишер Хожакпарович пен Шинахулов Ерболат Нурдилдаевичтің, педагог-психолог Е.А.Парилованың қатысуымен Халықаралық қазақ-қытай тіл колледж студенттерімен «Жасөспірім және заң» тақырыбында онлайн вебинар жүргізілді. Вебинар барысында құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс, қылмыс пен жаза секілді мәселелер талқыланды. Алишер Хожакпарович 18 жасқа толмаған жасөспірімдерді ата-аналардың қатаң түрде қадағалау керектігін ұғындырды. Қашықтықтан оқыту кезінде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өршіп тұрғанын жеткізді. Инспектор Ерболат Нурдилдаевич кәмелетке толмаған жасөспірімдердің кешкі уақытта кафе, ресторандарда, компьютерлік ойын клубтарына жүрмеулерін қатаң ескертті. Қазіргі таңда еліміз бойынша тексеріс жүргізіліп жатқандығын түсіндірді. Сонымен қатар, қару-жарақ, ұрлық мәселесі, студенттердің сабаққа қатысулары жайлы мәселелер талқыланды. Жасөспірімдердің қылмысқа баруына психологиялық жағдайдың да әсері мол. Осы тұрғыда Елена Аркадьевна студенттерге әрдайым көмек қолын созуға әзір екендігін жеткізді.
Вебинар барысында студенттерге жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен жаза мәселесі жайында арнайы бейнеролик көрсетілді.
Вебинар соңында учаскелік инспекторлар қазіргі таңда жастарымыздың ана тілге шорқақ екенін тілге тиек етіп, өз тілімізді құрметтеуге шақырды.