ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57
ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57

Колледж директоры Талғат Мамырұлы ұстаздар қауымын кәсіби мерекемен құттықтады.

           Құрметті ұстаздар!

      Сіздерді ұстаздар қауымының кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Әрбір білімгердің биікке қол жеткізуіне ат салысып, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеп келесіздер.  Өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстарыңыз орасан зор. «Алты алаштың баласы бас қосқанда, қадірлі   орын – мұғалімдікі»,- деп Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай, ұстаздың орны әрдайым жоғарыда болмақ. Еліміздегі қиын кезеңде әрбір студентке сапалы білім беріп, талмай еңбектеніп келесіздер, білім көшін жылжытып келе жатқан сіздерге құрмет арта түспек. Шәкірттеріңіздің жылы махаббаты мен мейіріміне бөленіп жүре беріңіздер.  Қызметтеріңізге табыс, жетістік, шығармашылық ізденіс тілейміз. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын.
 

Сұрақ қою
Для нас важно качество, будем рады получить от Вас обратную связь или ответить на вопросы.
Отправить резюме