ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57
ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57

«Қытай тілі көпірі» олимпиадасы

 

XIX Дүниежүзілік «Қытай тілі көпірі» олимпиадасының 
Қазақстандағы аймақтық финалдық бағдарламасының ЕРЕЖЕСІ

 

Олимпиданың тақырыбы:
  Студенттік топ: «Бір әлем – бір отбасы»;
  Оқушылар тобы: «Қытай тілімен биікке самға».

Олимпиаданың мақсаты:
    Қытай тілін үйренетін студенттерге және оқушыларға үлкен мүмкіндік беру,  қытай тілін үйренуге деген ынта мен қызығушылықты ояту;
    Қытай тілін үйренуге және еркін қарым-қатынас жасау үшін ортақ алаң құру;
    Қытай мәдениетін қазақстандық қоғамда таныстыратын алаң құру. 

Демеуші: Қазақстандағы ҚХР елшілігі;
Ұйымдастырушы: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жаны¬нан ашылған Конфуций институты.

Ұйымдастырушылық құрылым:
    XIX Дүниежүзілік «Қытай тілі көпірі» олимпиадасын ұйымдастыру комитеті ; 
    ҚХР елшілігі мен консулдықтың делегациялар;
    Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жаны¬нан құрылған Конфуций институтының декандары мен оқытушылары.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:
    Студенттік топ: 
1.    Қатысушы қытай азаматы болмауы тиіс; 
2.    18-30 жас аралығы;
3.    Қатысушының ата-анасы қытай тілін меңгермеуі керек. 

    Оқушыларының тобы:
1.    Қатысушы қытай азаматы болмауы тиіс; 
2.    12-17 жас аралығы;
3.    Қатысушының ата-анасы қытай тілін меңгермеуі керек. 

Олимпиаданың мазмұны:
● қытай тілін меңгеру (жазылым, айтылым, оқылым);
● Қытай елі туралы жалпы мағлұмат;
● Қытай елінің ұлттық мәдениеті.
Олимпиада қатысушылардың қытай тілі мен мәдениетін жан-жақты зерттеп, іс жүзінде қолдануына баға беруге бағытталған.
Олимпиаданың өткізілу мерзімі:
    Олимпиада 2020 жылдың сәуір және мамыр айларының  аралығында ЖОО-ның студенттері мен мектеп оқушылары арасында жүргізіледі. 

Олимпиаданы ұйымдастырушы: 
    Қазақстандағы ҚХР елшілігі мен бас консульдығы;
    Қазақстандағы ЖОО-дары университеттердің жанынан ашылған Конфуций институттары (бес аймақ бойынша).
Олимпиданың Қазақстан аумағында өтетін соңғы кезеңіне ЖОО-нан 3 студент; мектеп оқушыларынан 3 оқушы іріктелініп алынады.

Қорытынды кезең – 2020 жылдың шілде айы.
2020 жылдың 20 маусымына дейін Конфуций институттарына Қазақстанның барлық аймақтарынан олимпиадаға қатысушы финалистер туралы толық ақпарат жіберілуі тиіс:  
1.    Аты-жөні;  
2.    Жынысы;
3.    Оқу мекемесінің аты; 
4.    Жеке куәлігі (сканерленген нұсқасы);
5.    Фотосуреті (сканерленген нұсқасы).
Финалда қашықтықтан онлайн режимде өткізіледі. Қатысушылар онлайн режимде байланысқа шығады, сұрақтарға жауап береді және өздерінің өнерлерін көрсетеді. 

Марапаттау әдісі:
1.    Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар І , ІІ, ІІІ жүлделі орындармен марапатталады (І орын иеленген жеңімпаз Қытай елінде өтетін финалға тегін жолдама алады, жолдамаға: барып-келу билеті, жататын орын, тамақтану кіреді);
2.    Байқаудың барлық қатысушылары «Алғыс хатпен» марапатталады ; 
3.    «Үздік оқытушы», «Үздік қатысушы» және «Үздік өнер иесі» номинациялары қарастырылған.  
 

Сұрақ қою
Для нас важно качество, будем рады получить от Вас обратную связь или ответить на вопросы.
Отправить резюме