28 ақпан 2025
2025 жыл “Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында 14 ақпан күні “ Гид аудармашы” мамандығында оқитын колледж студенттері Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік музейіне экскурсия жасады. Экскурсия барысында студенттер еліміздің тарихи-мәдени мұрасымен тереңірек танысып, құнды мәліметтер алды. Бұл сапар олардың кәсіби ой-өрісін кеңейтіп, болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттырды.