ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57
ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57

Қариясы бар ел – қазынасы бар ел

 

   

  


     1 қазан Халықаралық қарттар күнін біз жылы және жүрекжарды мереке ретінде атап өтеміз. Алдыңғы буын ата-апаларымызды, ерен еңбек үлгісін көрсеткен арда¬гер¬лерімізді осы бір қайырымдылық пен даналық көрінісі іспетті жарқын мере¬кемен шын жүректен құттықтаймыз.
     Қазақта «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» деген сөз бар. Қазыналы қарттарымыздың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңестерінің, тәлім-тағылымдамасының өскелең ұрпақ үшін орны бөлек. Қазақ халқының ұлттық менталитетінің жарқын белгісі қашан да үлкенге  құрмет, кішіге ізет көрсету десек, бұл игі дәстүр лайым жалғасын табатынына сенімдіміз.
     Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат  жасы келген қарияларға көңіл бөліп, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады. Ардагерлеріміз жан-жақты қолдау мен ыстық ықылас, өздеріне деген шынайы қамқорлықты сезінуі қажет. Осы орайда Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі де мұндай игі істен қалыс қалмай, қарттарымызға көмек қолын созды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ахтаева Ляйла Маратовна мен колледж қызметкерлері Алматы қаласы, Әуезов ауданында тұратын қарттармен жүздесіп, мереке қарсаңында қаржылай сыйлықтарды табыстап қайтты.
    Ақ сақалды аталарымыз бен ақ жаулықты аналарымыздан жылуымызды аямайық. Батасы бақ қондырар қарияларымыз аман болсын дегіміз келеді.
 

Сұрақ қою
Для нас важно качество, будем рады получить от Вас обратную связь или ответить на вопросы.
Отправить резюме