1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің ұйымдастыруымен Алматы қаласының колледж студенттері арасында «Туризм» мамандығы бойынша қашықтықтан «JAS TÝRIST» II қалалық байқауы өткізілді. Байқауды өткізудегі негізгі мақсат – Қазақстанның ішкі туризмін дамыту, Алматы облысының тарихын және туристік нысандарын тереңнен тану, туристік өлкетану жұмысын ұйымдастырудың үздік тәжірибеін жетілдіру.
Аталмыш байқауда Алматы мемлекеттік туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі, Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі, Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің колледжі, Алматы қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжі бақ сынап, туризм саласының бүгінгі таңдағы тың тақырыптарын таныстырды.
Байқау қорытындысы бойынша 3-орынды Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің колледжі мен Алматы мемлекеттік туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі иеленсе, 2-орынды Алматы қазақ-түрік гуманитарлық-технологиялық колледжі ие болды. Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі 1-орынды қанжығаларына байлады. Осы байқауда оза шауып, ерекше тақырыппен көзге түскен Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі бас жүлдені жеңіп алды.
Колледжіміздің директоры Талғат Мамырұлы қорытынды сөз сөйлеп, студенттерді жүлделі орындарымен құттықтады. Белсенділік танытып, колледж намысын қорғап келген командаларға, жетекшілеріне алғысын білдіре отырып, туризм саласында әлі талай биік шыңдарды бағындыратындықтарына сенім білдірді.