20 қыркүйек 2018 ж. Солтүстік-Батыс Саясаттану және Құқық Университеті (ҚХР) мен Халықаралық қазақ-қытай колледжі өкілдерінің кездесуі өтті.
Колледж директоры Талғат Мамырұлы және халықаралық қатынастар жөніндегі директордың орынбасары Сауле Ануарқызы халықаралық алмасу Мектебінің вице-президенті Ван және Санг Дин мырзаға, аталған университеттің заң факультеті профессорларына колледж төңірегінде экскурсия жүргізді. Шетелдік қонақтар колледждегі қытай тілі методикасымен танысып, студенттерге қытай тілін жетілдіру туралы өздерінің кеңестерімен бөлісті.
Кездесу барысында басты қаралған мәселе университет пен колледж ынтымақтастығының болашақтағы бағыты, сонымен қатар, шәкірақы туралы сауалдар мен шет ел студенттері үшін кәсіби таңдау мүмкіндіктері талқыға түсті. Сұхбат құру барысында Солтүстік-Батыс Саясаттану және Құқық Университеті мен колледж арасындағы ынтымақтастық келісімі орнатылып, қол қойылды. Солтүстік-Батыс Саясаттану және Құқық Университеті «кәсіпкерлікке» оқу мүмкіндігін біздің колледждегі онлайн-курстар арқылы ұсынып отыр.