21 ақпан 2025
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жыл “Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі мен «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Бұл білім беру саласындағы ынтымақтастықты арттырып, студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталады. Меморандум аясында алдағы уақытта бірлескен ғылыми жобалар, тәжірибелік сабақтар мен халықаралық бағдарламалар жүзеге асырылмақ.