6 сәуір 2021
Қазақстанда болып жатырған жағдайға байланысты, яғни ковид-19 ға қарсы 1айдан астам уақытта ресейлік «Спутник V» вакцинация салынып басталды. Соның қатарында Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің қызметкерлері де жаппай вакцинация процесіне белсенді қатысуда.
Иммундық реакцияны күшейту үшін Sputnik V вакцинасы үш апта аралықпен екі рет енгізіледі. Вакцина енгізілгеннен кейін сіз өзіңіздің денсаулығыңызды бақылап, дәрігердің барлық ұсыныстарын орындауыңыз керек.
Вакцинациядан кейін пациентке ұсыныстар:
• Ауыр жүктемелерден аулақ болыңыз
• Моншаға немесе саунаға бармаңыз
• Алкоголь ішпеңіз
• Вакцинация жеріне бірнеше күн бойы судың түспеуін қадағалаңыз