27 қыркүйек - Бүкіләлемдік туризм күні. Осы мереке қарсаңында колледж қабырғасында туризм мамандарының жетекшілігімен онлайн іс-шара ұйымдастырылып, «Туризм» мамандығының 1 курс студенттері қатысты. Колледж директоры Талғат Мамырұлы студенттерді атаулы мерекемен құттықтап, Қазақстанда туризм саласын дамытуға орасан мүмкіндік бар екенін атап өтті. Біздің жас мемлекетіміздің отандық туризмнің жүгін арқалап, соңғы 10 жыл ішінде нәтижелі жемісін беріп келе жатқандығын тілге тиек етті. Студенттерге туризм саласының дамуына ат салысатын білікті маман болатындықтарына үлкен сенім білдірді.
Іс-шарада білімгерлерді туризм күнінің шығу тарихымен таныстырып, әртүрлі бейнероликтер көрсетілді. Туризм мамандығының оқытушысы Болысбаева Айгерім экскурсия жетекшісі болудың қыр-сырымен таныстырса, оқытушы Сакариева Таңшолпан туризм менеджері жайлы мәлімет берді. Машев Мадияр дала туризміне қатысты тауға шығу жаттығуларын арнайы бейнеролик арқылы көрсетті. Іс-шара соңы оқытушылардың жылы лебізді тілектерімен аяқталды.