ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57
ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57

Біздің колледжіміздің 3 курс білімгері Әскербекова Айгерім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық алғысы» мерекелік медалімен марапатталды

  

2 қазан күні біздің колледжіміздің А304-тобындағы 3 курс білімгері Әскербекова Айгерім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық алғысы» мерекелік медалімен марапатталды. Қазіргі таңда Айгерім Әуезов ауданы Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қоры жанындағы «Жастар ресурстық орталығында» ӘДК координаторының орынбасары болып қызмет атқарады. Қазақстанда «2020 жыл -  Еріктілер жылы» деп жарияланғаны баршамызға мәлім.  Айгерім еріктілер тобының құрамында жүріп, көптеген игі істердің басы-қасында болды. Елімізде пандемияға байланысты карантин режимі енгізілген сәттен бастап мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіп, әлеуметтік жауапкершілігі бар азаматша ретінде өзін оң қырынан танытты. Айгерімді шын жүректен құттықтаймыз! Колледжіміздің мәртебесін көтеріп, кейінгі буынға үлгі болатын білімгерлер саны көбейе түссін дегіміз келеді.

Сұрақ қою
Для нас важно качество, будем рады получить от Вас обратную связь или ответить на вопросы.
Отправить резюме