ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57
ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57

«Алтын күз – 2021 »

Күз – мереке, күз – ырыстың белгісі.
Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінде оқытушылар мен студенттердің ұйымдастыруымен  «Алтын күз – 2021 » мерекелік іс-шарасы өтті. Бұл іс-шараға 1-курс студенттері мен 2-ші курс студенттері белсене атсалысып, өз өнерлерін көрсетуден 13 жұп сынға түсті. Оның ішінде 4 жұп жүлделі орындарға ие болды. Қалған сайысқа қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.

Мерекелік байқау өте қызықты, тартысты өтті. Жиналған қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, өнерлерімен тамсандырды. Байқау таныстыру, күзгі вальс, өнерің өрге жүзсін, дефиле, сән үлгісі тәрізді кезеңдер бойынша өткізілді. Таныстыру кезеңінде үміткерлер өздерінің бейнероликтерімен, әнмен, сахналық көріністерімен көрсете білді. Бірі сахналандырылған көрініс көрсетсе, бірі авторлық шығармаларын орындады. 

  

Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сайыскерлердің барлығына мақтау қағаздары, колледж атынан сыйлықтар табысталды. Тартысқа толы мереке көптің көңілінен шығып, жоғары деңгейде өтті.

Сұрақ қою
Для нас важно качество, будем рады получить от Вас обратную связь или ответить на вопросы.
Отправить резюме