Күз – мереке, күз – ырыстың белгісі. Күз – ойын-сауық үшін жылдың ең керемет мезгілі. Ал мерекесіз қандай ойын-сауық ?
Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінде оқытушылар мен студенттердің ұйымдастыруымен «Алтын күз – 2019 » мерекелік іс-шарасы болып өтті. Бұл іс-шараға 1-курс студенттері белсене атсалысып, өз өнерлерін көрсетуден 7 жұп сынға түсті. Оның ішінде 3 жұп жүлделі орындарға ие болды. Қалған сайысқа қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.
Мерекелік байқау өте қызықты, тартысты өтті. Жиналған қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, өнерлерімен тамсандырды. Байқау таныстыру, күзгі вальс, өнерің өрге жүзсін, дефиле, сән үлгісі тәрізді кезеңдер бойынша өткізілді. Таныстыру кезеңінде үміткерлер өздерінің бейнероликтерімен, әнмен, сахналық көріністерімен көрсете білді. Бірі сахналандырылған көрініс көрсетсе, бірі авторлық шығармаларын орындады.
Байқау шарттары бойынша өнерлі жұптар «Таныстыру», «Өнерің өрге жүзсін», «Пародия», «Сән үлгісі», «Мерекелік дастархан мәзірі» номинациялар бойынша сынға түсті.
Қазылар алқасының шешімімен «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атағына өз өнерін жоғары деңгейде көрсете білген үш үміткер орынға лайық деп қорытындыланды.
Байқауға қатысып, орын алған үміткерлер:
1 жұп: А101-аударма тобының студенттері: Карамурзиев Аслан мен Мухидин Алия (1орын);
2 жұп: А111- аударма тобының студенттері: Садвакасова Назима мен Өмірхан Бағыжан (2 орын);
3 жұп: А102- аударма тобының студенттері: Рахматулла Абылайхан мен Төлеуханова Балауса (3 орын).
Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сайыскерлердің барлығына мақтау қағаздары, колледж атынан сыйлықтар табысталды. Тартысқа толы мереке көптің көңілінен шығып, жоғары деңгейде өтті.