ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57
ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57

Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Туризм мамандығы  студенттері арасында спорттық туризмнен өткен аудандық сайыс

2022 жылдың 13 қазан күні Алматы қаласы Әуезов ауданы мен  Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің ұйымдастыруымен Туризм мамандығы студенттері арасында спорттық туризмнен  аудандық сайыс өткізілді. 

Өткізу мақсаты:    
- туризмнің маңызын насихаттау және колледж студенттерінің өзара іс-тәжірибелерін бөлісу;
-  салауатты өмір салтын насихаттау;
-  жастарды дені сау саналы ұрпақ болып өсуге баулу.
Қойылатын талаптар:  
Тәжірибелік бөлім: команда мүшелері туристік құрал-жабдықты қолдана білуі және өткелдерден өте алуы қажет.

Бағалау критерийлері:
          - туристік құрал-жабдықты қолдана білу;
          - командамен жұмыс жасай білу;
          - өткелдерден кедергісіз өте алу;
          - қатысушылар спорттық киімде болуы керек.

     Әуезов ауданы бойынша 4 колледж командасы қатысты. Олар:
1.    Алматы сервистік қызмет көрсету колледж командасы.
2.    Халықаралық бизнес және коммуникация колледж командасы.
3.    Алматы қаржы-экономикалық колледж командасы.
4.    Халықаралық қазақ-қытай тіл колледж командасы.
    
 Сайыс нәтижесінде 1-орынды Халықаралық қазақ-қытай тіл колледж командасы, 2-орынды Алматы қаржы-экономикалық колледж командасы, 3-орынды Алматы сервистік қызмет көрсету колледж командасы иеленіп, мадақтамамен марапатталды. Халықаралық бизнес және коммуникация колледж командасы белсенді қатысқандары үшін алғыс хатпен марапатталды. 
     Сонымен қатар Халықаралық қазақ-қытай тіл колледж студенттерінің арасында «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында әр түрлі спорт түрлерінен сайыстар өтті. Студенттер белсенді түрде қатысып, жүлделі орындарға ие болды, мадақтамамен марапатталды.  
 

     

  

 

Сұрақ қою
Для нас важно качество, будем рады получить от Вас обратную связь или ответить на вопросы.
Отправить резюме