Сабаққа 1курс және 2 курс студенттері қатысты. Отбасы тақырыбы адам өміріндегі маңызды құндылықтардың бірі ретінде көтерілді. Дәстүрлі және қазіргі заманғы отбасылық құндылықтар қарастырылды. Оқушылар олардың арасындағы айырмашылықты көріп, өзіндік қорытынды жасады. Біз әлемнің әртүрлі елдеріндегі отбасылық құндылықтардың ерекшеліктерімен таныстық. Сонымен қатар, сабақ барысында көтерілген мәселелер бойынша белсенді пікірталас болды. Нәтижесінде отбасы адам өміріндегі әлеуметтік кезең ретінде жас кезінен бастап балалардың сана-сезімін, ерік-жігерін, сезімін қалыптастырады деген тұжырым жасалды. Сондықтан отбасылық құндылықтарды ерте жастан бастап отбасының өткені, оның тарихы туралы әңгімелер арқылы тәрбиелеу керек, мұқият сақталған отбасылық архивте сақтау керек.