22 қыркүйек Қазақстан халқының Тілдер мерекесіне орай колледжімізде «Тіл-татулық тірегі» атты онлайн мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне 1-3 курс студенттері белсене ат салысып, қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілдерінде өлең оқып, өз өнерлерін паш етті. Колледж директоры Талғат Мамырұлы студенттерді аталмыш мерекемен құттықтап, ана тілінің адам өміріндегі алатын орны мен тіл үйренудің қазіргі таңдағы маңыздылығын түсіндірді. Колледжің басты стратегиясы тіл үйрету екендігін де тілге тиек етті.
15-20 қыркүйек аралығында 1 курс студенттері арасында әлеуметтік желіде «#Бізполиглотпыз» атты челлендж байқауы өткен болатын. Байқау нәтижесі бойынша III орынды «Аударма ісі» мамандығының А102-20 тобы иеленді. Осы сайыста ерекше видеомен көзге түскен «Туризм» мамандығының Т101-20 тобы II орынға қол жеткізді. Барлық топтан оза шапқан «Аударма ісі» мамандығының А105-20 тобы 19 тілде видео түсіріп, жүлделі I орынға ие болды. Барлық қатысқан топтар алғыс хаттармен марапатталды.
Сонымен қатар, мерекелік іс-шарада Ана тіліміздің құндылығы жайлы бейнеролик көрсетіліп, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар мен басқа да шетелдік ғалымдар жайлы мәлімет таныстырылды. Іс-шарамыздың соңы әсем әнмен жалғасын тапты.