ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57
ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57

 4 маусым – Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күнімен Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі сіздерді құттықтайды.

     4 маусым – Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күнімен Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі сіздерді     құттықтайды. 1992 жылғы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Ту,     елтаңба және әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері болып саналады. Тудың авторы – Шәкен Ниязбеков. Елтаңбаның   авторлары – Жандарбек Мәлібеков және Шота Уәлиханов. Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі     рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.
       Қазақ елі тәуелсіздігін алған соң, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды.   Нәтижесінде Қазақ КСР гимнінің музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз   Қазақстанның алғашқы гимінің музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди   болды. Сонымен қатар, әнұранның үздік мәтініне жарияланған байқауда белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр   Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.

 

Сұрақ қою
Для нас важно качество, будем рады получить от Вас обратную связь или ответить на вопросы.
Отправить резюме