ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57
ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57

Колледж студенттерінің ар-намыс кодексі

 

                                                              

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ҚЫТАЙ ТІЛ КОЛЛЕДЖІ СТУДЕНТІНІҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ


Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің студенттерінің қауымдастығы:
- Колледждің жоғарғы санатты және адамгершілігі аса жоғары мамандарды дайындау миссиясын жүзеге асырудағы өз жауапкершілігін сезіне отырып;
- Колледждік қауымдастықтың бір¬лес¬кен мәдениетін қолдау мен дамытуды, ХҚҚТК-дің Қазақстан Республикасындағы кәсіби мамандарды дайындаудың жетекші орталығы және отандық білім берудің көшбасшысы ретіндегі имиджін сақтауды өзінің міндеті ретінде санай отырып;
- ХҚҚТК-да студенттермен, қызметкер¬лермен және жоғары оқу орнының әкімдігі арасында шынайы демократиялық қарым-қатынастар жүйесін қалыптастыруға ұмтыла отырып;
ХҚҚТК студентінің аталып отырған Ар-намыс кодексін қабылдайды және оны қалтқысыз орындауға міндеттенеді.
1-бап.
ХҚҚТК студенті Қазақстан Республика¬сының Конституциясы мен заңдарына, ХҚҚТК Жарғысына, Ішкі тәртіп Ережесіне, Жатақ¬ханада тұру Ережесіне және басқа да ХҚҚТК -дың нормативті актілеріне бағынады.
2-бап.
ХҚҚТК студенті ұлттық мәдениет пен Қазақстан мемлекетінің қалыптасу тарихын біледі және оларды қастерлейді, колледж дәстүрлерін кіршіксіз сақтайды және оларды құрметтейді.
3-бап.
ХҚҚТК студенті басқа студенттермен, оқытушылармен және ХҚҚТК әкімдігінің өкілдерімен қарым-қатынас барысында ізет¬тілік, кішіпейілділік және ұқыптылық таныта-ды.
4-бап.
ХҚҚТК студенті кез келген азаматқа оның шығу тегі мен ұлтына, әлеуметтік дәрежесіне, діни немесе дүниетанымдық ұстанымдарына қарамастан, құрметпен қарайды.
5-бап.
ХҚҚТК студенті өзінің оқу міндеттерін қатаң орындайды, төмендегідей академиялық нормаларды бұзушылыққа жол бермейді:
- плагиат;
- алдау;
- шпаргалка пайдалану, білімді бақы¬лаудың барлық деңгейлері мен түрлерінен өту барысында көшіру және біреуден сұрау;
- білімді бақылау процедурасынан бөтен тұлғаның атынан өту;
- жоғары баға алу үшін туысқандық немесе қызметтік байланыстарын пайдалану;
- пара беру;
- оқытушыны алдау және оны сыйламау;
- сабақтарды жіберу және кешігу, оқу сабақтарына немесе олардың бір бөлігіне бел¬гісіз себептермен қатыспау.
6-бап.
ХҚҚТК студенті университет мүлкінің сақталуына қамқорлық жасайды және колледж аумағында жүгенсіздік көріністерінің орын алуына жол бермейді.
7-бап.
ХҚҚТК студенті колледждің  кітапхана¬лық-ақпараттық ресурстарына қамқорлықпен қарайды және бұл ресурстарға қатысты салғырт қараушылық пен нұқсан келтіру¬шілікке жол бермейді.
8-бап.
ХҚҚТК студенті ұқыптылықты сақтайды. Оның сыртқы түр келбеті этикалық және эстетикалық нормаларға сәйкес келеді.
9-бап.
ХҚҚТК студенті салауатты өмір салтын ұстанады, өзінің мәдени, адамгершілік және тұлғалық даму деңгейін жетілдіруге ұмты¬лады, колледждің  қоғамдық-мәдени, ғылы¬ми және спорттық өміріне белсене атсалы¬сады.
10-бап.
ХҚҚТК студенті  және оның аумағынан тыс жерлерде де құқық бұзушылық әрекеттерге жол бермеуге тиіс.
11-бап.
ХҚҚТК студенті тәртіп бұзуға бағытталған ақпараттың таратылуына жол бермеуі, сондай-ақ заңмен рұқсат етілмеген жиналыстарға, демонстрацияларға, митингілерге, ереуілдер¬ге, акцияларға және шерулерге қатыспауы тиіс.
12-бап.
ХҚҚТК студенті колледж  мүддесіне қайшы келетін және ХҚҚТК имиджі мен беделіне нұқсан келтіретін кез келген іс-әрекетке қатысудан бой тартады.
13-бап.
ХҚҚТК студенті аталған Кодекс ереже¬лерінің бұзылуын анықтаған сәтте оны өз күшімен түзетуге тырысады, ал мұндай әрекет мүмкін болмаған жағдайда бұл келеңсіздіктер туралы студенттік өзін-өзі басқару ұйым¬дарына немесе ХҚҚТК әкімдігіне хабарлауға құқылы.

 

Сұрақ қою
Для нас важно качество, будем рады получить от Вас обратную связь или ответить на вопросы.
Отправить резюме