ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57
ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57
ГлавнаяЫнтымақтастық

Ынтымақтастық

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
 
Халықаралық ынтымақтастық Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің ажырамас бөлігі болып табылады. Колледждің халықаралық қызметінің негізгі бағыты шетел университеттерімен академиялық серіктестік аясында халықаралық білім жобалары жүзеге асады.
Бүгінгі таңда ХҚҚТК 30-дан аса ірі университеттермен, халықаралық ұйымдармен серіктестік орнатқан.

ХҚҚТК халықаралық қызметінің стратегиялық даму мақсаттары:
• оқу бағдарламалары саласында халықаралық сапалы стандарттар жетістігі;
• студенттердің және профессорлық-оқытушылық құрамының халықаралық білім үдерісінде ізденімпаздығын арттыру,
• колледждің халықаралық қызметін дамыту, ХҚҚТК халықаралық оқу және инновациялық бағдарламалар мен жобалардағы қызмет сапасын дамыту;
• оқытушылардың, қызметкерлердің, студентердің тілдік даярлығын қамсыздандыру;
• колледждің қаржылық тұрақтылығына халықаралық қызметтің өсіп келе жатқан үлесін қамтамасыз ету.
 
ХҚҚТК халықаралық ынтымақтастық бөлімі қызметі:
• ҚХР білім мекемелерімен ынтымақтастық туралы келісім мәтіндерін дайындау, келісім-шарт базасын жүргізу.
• ҚХР университеттерінде семестрлік оқу алмасу, жылдық тәжірибе алмасу, бакалавриат және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу бағдарламаларына қатысушылардың құжаттарын дайындау
• біздің студенттердің ҚХР университеттерінде және шетел студенттері мен оқытушылардың ХҚҚТК білім алмасу процесін ұйымдастыру.
• ХҚҚТК жаңа халықаралық білім жобаларын енгізуді үйлестіру.
• үздіксіз білім беру, жоғары оқу орнына дейінгі және кейінгі білім, қосымша және мәдени-танымдық демалысты ұйымдастыру туралы серіктес-университеттермен байланыс.

Жыл сайын ХҚҚТК халықаралық байланыстарды нығайту арқылы, ҚХР көптеген университеттерімен қоса, серіктес ЖОО санын арттыру арқылы оқу гранттарын көбейтті. Серіктестер қатары үнемі толықтырылып отырады, бұл колледж студенттеріне тәжірибе алмасу кезеңінде, семестрлік алмасу бағдарламасында, шет елде білімін жалғастыру барысында тілдік қабілеттерін арттыру мүмкіндіктерін береді.

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі оқу алмасуға даяр, білімін ЖОО жалғастыруға ынталы, бакалавриат және ЖООК білім бағдарламалары бойынша, сонымен қатар ҚХР бір жылдық тілдік тәлім алмасу мерзімін ұсынады. Қазақстандағы ҚХР ұйымдары және елшілікпен ынтымақтастық тереңдетіле түсуде, бұл дегеніңіз түлектердің жұмыспен қамтылу мүмкіндігін жеделдетеді.

Қытай және ағылшын тілдерін тереңдете меңгеру аудиторлық уақыттағы іскерлік әңгімелесу және халықаралық қатынастан бөлек қосымша білімді талап етеді. Сонымен қатар, коммуникативті ортаның болмауы және үздіксіз халықаралық құзыреттіліктің жетіспеушілігі салдарынан іскерлік және тұрмыстық қарым-қатынаста сөйлеу әрекетін құруда көптеген қиындықтарға тап болуы мүмкін. Колледжде жеке және топтық тілдік бағдарламаларды құру және студенттердің оқу барысын демалыспен байланыстыру жұмыстарын ұйымдастыру Халықаралық сауалдар бөлімі міндеті болып табылады.

Білім беру бағдарламалары бар жазғы және қысқы лагерьлер біздің колледждің дәстүріне айналған.
Мұндай сапарлар өзге елдің дәстүрін біле отырып, менталитет өзгешеліктеріне бейімделіп, шет елдік серіктестердің ойлау қабілетін ескере отырып шет тілінде әңгімелесу шеберлігін кеңейтеді.

Жыл сайын қытай тілін меңгеруге ынталы колледж студенттері мен оқушыларға, сонымен қатар олардың ата-аналарына ҚХР мектептері мен ЖОО-да мәдени-танымдық бағдарламалар ұйымдастырылады. Бұл орталықтарда қатысушылардың тіл біліктілігі артып, Қытай мәдениеті мен тарихы туралы мол ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Аталған білім беру бағдарламаларының қорытындысы серіктес-ЖОО сертификаттарын ұсынумен қатар, теңіз жағасындағы естен кетпес демалыс пен әсерлі көңіл-күй болып табылады.

Жыл сайын Конфуций институтының бас штабы және ҚХР елшілігі мен мекемесімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасында білім шаралары, онлайн конференциялар, олимпиадалар, конкурстар, ҚХР университеттері өкілдерімен кездесу ұйымдастырылады.

ХҚҚТК студенттері сайыстарда жүлделі орындарға ие болып, ҚХР ЖОО-дағы бір жылдық тәлім алмасу және бакалавриат бағдарламаларының оқу гранттарының жүлдегері атанады.

Толық ақпараттарды халықаралық ынтымақтастық бөлімінен білуге болады.
 
Сұрақ қою
Для нас важно качество, будем рады получить от Вас обратную связь или ответить на вопросы.
Отправить резюме